Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 13
“Денсаулық – басты байлық”
13
наурыз
2026
“Денсаулық – басты байлық”
    №1 қалалық емхананың дәрігерлері жоспар бойынша мектебіміздің 8, 10 және 12 жастағы оқушыларын медициналық тексеруден өткізуде.     Тексеру барысында оқушыларды әртүрлі сала мамандары қарауда. Атап айтқанда: окулист, ЛОР дәрігері, невропатолог, стоматолог, психолог, педиатр және хирург мамандары оқушылардың денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті кеңестер беруде.      Жоспарлы медициналық тексеру балалардың денсаулығын бақылауға, аурулардың алдын алуға және денсаулықтағы өзгерістерді дер
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
12
наурыз
2026
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
Мектебімізде оқушыларға хулигандық әрекеттер мен «закладка» мәселесінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және тәртіптің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Басты мақсат – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағыт беру.
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
11
наурыз
2026
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның оқушылары 💫 Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде тамаша нәтиже көрсетті! 🔬 Жаратылыстану-математика бағыты бойынша: 🥇 Мырзатай Мерей 🥇 Амир Алихан (қоршаған орта және адам денсаулығы секциясы, жетекшісі Мұрат Майра) 🥈 Ашен Жансая 🥈 Шакирбек Жеңіс (информатика секциясы, жетекшісі Үмбеталиева Жазира) 🥉 Құдайберген Нұрсағат 🥉 Жармұхан Таңшолпан (қолданбалы математика секциясы, жетекшісі Аубакирова Айгүл)
Құттықтаймыз!!!🎉
11
наурыз
2026
Құттықтаймыз!!!🎉
     "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" республикалық олимпиадасының  II дәрежелі дипломмен Тұрғанбек Жазира Манарбекқызы марапатталды 🏆       Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен үздіксіз ізденістің нәтижесі. Ұстазымыз өз ісіне деген жауапкершілігі мен шығармашылығы арқылы білім беру сапасын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.  
«Наурыздың нәзік әуені – аруларға» атты мерекелік кеш өтті.
06
наурыз
2026
«Наурыздың нәзік әуені – аруларға» атты мерекелік кеш өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында көктемнің ең шуақты мерекесіне орай ұстаз аруларға арналған ерекше кеш ұйымдастырылды. Кеш ұжымымыздың ағайларының ұйымдастыруымен өтіп, әсем ән, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Ұстаз аруларға құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. 🌷 Көктемнің нәзік әуені мен шынайы ықыласқа толы бұл кеш барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.