Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
☀️🎉 Балауса – жаздың жарқын бастауы!
01
маусым
2026
☀️🎉 Балауса – жаздың жарқын бастауы!
    Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия жанындағы «Балауса» жазғы лагері өз жұмысын салтанатты түрде бастады! 🌈✨      Балалардың шат күлкісі, көтеріңкі көңіл-күйі, қызықты ойындар мен жаңа достықтарға толы жазғы маусымның шымылдығы түрілді. 🌸     Алда бізді ұмытылмас әсерлер, қызықты саяхаттар, шығармашылық сәттер мен жарқын естеліктер күтіп тұр! 🚀🌟                  https://www.instagram.com/reel/DZCTDLNtHil/?igsh=MW05bnI0ZGZjNDhnYw==
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалалық «БалаFest» байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
01
маусым
2026
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалалық «БалаFest» байқауында
   Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен түрлі ойындарға қатысып, қызықты сайыстарда бақ сынады, естелік суреттерге түсіп, мерекелік бағдарламадан ерекше әсер алды. Іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, достық пен бірліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!                    https://www.instagram.com/reel/DZCJFUMNdXr/?igsh=MWE1eHY5MDducjViMw==
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы лагерьде «Қауіпсіз демалыс» челленджі аясында «Біз қауіпсіз әрі бақытты балалық шақты қалаймыз!» атты сурет байқауы өтті.
01
маусым
2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы
     Байқау барысында балалар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін танытып, жазғы демалысты қауіпсіз өткізу, достық, бейбітшілік пен бақытты балалық шақ тақырыптарын сурет арқылы бейнеледі. Балалардың жарқын күлкісі мен шығармашылыққа толы мерекелік көңіл-күйі іс-шараның басты көркіне айналды.  ​https://www.instagram.com/reel/DZCiFu2NFrO/?igsh=ZmJpNDJrdWlocXNv​​​
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31
мамыр
2026
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
     Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады.     Құрметті отандастар, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірніші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз. Оларды жадымызда сақтау, заңдылық қағидаты мен әділдік құндылықтарына адал болу - біздің қастерлі борышымыз.
Жарты ғасырлық сағыныш пен мақтаныш!
26
мамыр
2026
Жарты ғасырлық сағыныш пен мақтаныш!
            Арада 50 жыл салып, 1976 жылғы мектеп бітірген ардақты түлектер өздерінің алтын ұя —  «Ақ кеме» білім ордасына арнайы келіп, ерекше құрметтерін көрсетті. Жарты ғасыр уақыт өтсе де, олардың қара шаңыраққа деген сағыныштары мен ыстық ықыластары еш өшпеген.  Шәкірттерінің бойына бар махаббаты мен білімін аямаған ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Оқу ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі әрі осы түлектердің сынып жетекшісі Нұғманова Дәмелі апайымызға және ел
📚 Педагогикалық кеңес
25
мамыр
2026
📚 Педагогикалық кеңес
🎯 Тақырыбы: «Білім сапасының нәтижелерін саралау, қауіпсіз білім ортасын қалыптастыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» Педагогикалық кеңес барысында: ✅ 1–11 сыныптар бойынша білім сапасының нәтижелері сараланып, ✅ оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру және қорытынды аттестаттауға жіберу мәселелері қаралды; ✅ жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мен қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында ұсыныстар берілді; ✅ «Жасанды интеллект: уақытты үнемдеу мен оқу тиімділігін арттыру
Қайырымдылық — қамқорлықтан басталады!
25
мамыр
2026
Қайырымдылық — қамқорлықтан басталады!
  «Білімім – Отаныма!» сынып сағаты аясындағы игі бастама  25 мамыр — соңғы қоңырау мерекесі аясында гимназиямызда «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.    Сынып сағаттарында оқушылар оқу жылы бойынша жетістіктерін саралап, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, елге қызмет ету мен Отанға адал болу құндылықтары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар гимназиямыздың түлегі Сұрағанов Батырхан Ғалымжанұлы “Аман” гуманитарлық қоры атынан 1-сынып оқушыларына арнайы сыйлықтар табыстады.
Мейірім мен жауапкершілікті басты құндылық еткен Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының 141 түлегі мектеппен қоштасар сәтте ерекше үлгі көрсетті.
25
мамыр
2026
Мейірім мен жауапкершілікті басты құндылық еткен Ш.Уәлиханов атындағы
   Мейірім мен жауапкершілікті басты құндылық еткен Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының 141 түлегі мектеппен қоштасар сәтте ерекше үлгі көрсетті.    Биылғы түлектер ысырапшылдыққа жол бермей, игі істі таңдады. Олар қамқорлық пен жанашырлықты ту етіп, Алматы қаласы №2 балалар үйі аумағын көгалдандыру жұмысына өз үлестерін қосты. Түлектер еккен әрбір тал — болашаққа деген сенімнің, жүректегі мейірімнің және қоғамға деген жанашырлықтың белгісі. Бұл бастама — жас ұрпақтың тек