Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
11
қыркүйек
2025

4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

📅 2025 жылдың 11 қыркүйегінде мектебімізде 4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. 🔹 Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту, оқу-тәрбие процесімен таныстыру және балалардың мектепке бейімделуіне қолдау көрсету болды.

🔸 Бұл жиналыс "Отбасы күні" апталығы аясында, 1-тоқсанға арналған сыныптар ата-аналарына «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Жиналыстың тақырыбы: "Буллингке қарсы күрестегі ата-ананың рөлі".

Жиналысқа маман ретінде Багибаева Майгүл Илиясқызы, психология ғылымдарының магистрі, PhD докторанты қатысты. Ол «Қарым-қатынас мәдениеті – буллингтің алдын алудың кілті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары бойынша сөз сөйледі.

📝 Жиналыс барысында:
✅ Бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналармен танысып, оқу бағдарламасының мазмұны мен ерекшеліктері жайлы ақпарат берді;
✅ Мектептің ішкі тәртібі мен күн тәртібі таныстырылды;
✅ Ата-аналар буллинг тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты.

📌 Барлық ата-аналарға белсенділік танытып, жиналысқа қатысқаны үшін алғыс білдіреміз

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: