Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік ата-аналар жиналысы
19
қыркүйек
2025

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Ата-аналарды қолдау орталығы жоспарының аясында 19 қыркүйек күні гимназияда мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі тақырыбы – «Буллингке қарсы күрестегі ата-ананың рөлі».

🔹 Жиынды гимназия директоры Жетпісбаева Л.У. кіріспе сөзбен ашып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін атап өтті.
🔹 Директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Қосбергенова А.Т. «Орта буын – оқушы дамуының маңызы. Оқу жетістігін арттыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
🔹 Мектеп психологы Әсерханова Т. «Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі» атты баяндамасында ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету тәсілдерін түсіндірді.

🤝 Жиналыс барысында ата-аналар мен ұстаздар ашық пікір алмасып, оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлы ортасын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар қаралды.

✅ Іс-шара ата-аналарға қолдау көрсету, мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: