Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
16
қыркүйек
2025

11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

🔹 Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру, бітіруші сынып оқушыларына сапалы білім мен психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ, ҰБТ-ға дайындық барысындағы өзекті мәселелерді талқылау.
🔸 Жиналыс “Ата-аналарды қолдау орталығының” жоспарына сәйкес, «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Жиналыстың тақырыбы:
🎯 “Буллингке қарсы күрестегі ата-ананың рөлі”
🗂 Күн тәртібі бойынша:
Кіріспе сөз
🗣 Гимназия директоры Жетписбаева Л.У. жиналысты ашып, ата-аналармен мектептің тәрбие және білім беру бағытындағы негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Баяндама тақырыбы:
🎓 “Болашаққа жол ашар – ҰБТ: дайындық және қолдау”
🗣 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова С.М. ҰБТ-ға дайындықтың мазмұны, форматы және ата-аналар тарапынан көрсетілуі мүмкін қолдау түрлері жайлы айтып өтті.
Баяндама тақырыбы:
💬 “Буллингтің алдын алудағы ата-ананың рөлі”
🗣 Гимназия психологы Өсерханова Т. оқушылар арасындағы психологиялық ахуал, буллингтің белгілері мен оның алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берді.
Әртүрлі мәселелер
📌 Ата-аналар маңызды сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігімен ашық диалог жүргізді.
📌 Жиналысқа белсенді қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Біз әрқашан баланың дамуы мен қауіпсіздігі жолындағы бірлесе әрекетке дайынбыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: