Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді
20
қазан
2025
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат беріліп, әр саланың ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылды. Сонымен қатар, өз қабілеті мен қызығушылығына қарай мамандық таңдау маңыздылығы түсіндіріліп, болашақ кәсіби жолын айқындауда бағыт-бағдар берілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінде «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу сайысы өтті.
17
қазан
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінде «Өлең – сөздің
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында бүгін мектебімізде «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу сайысы өтті. Қазақ сөз өнерінің шебері Абайдың терең ойлы өлеңдері оқушылар жүрегінен орын тапты.  Кеш мазмұнға толы, әсерлі, тағылымды болды. Қатысушылар Абай мұрасын терең түсініп, көркем оқуда шеберліктерін танытты. Сайыс жеңімпаздарына грамоталар мен қаржылай сертификаттар
Оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар мен қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
16
қазан
2025
Оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар мен қауіп-қатер
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда өткен іс-шара барысында оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар мен қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Мақсат – жас ұрпақты сақтыққа, жауапкершілікке және өз өмірінің қадірін білуге тәрбиелеу. 🙌
«35 игі іс және жанашыр жүрек» айлығы аясындағы кездесу
14
қазан
2025
«35 игі іс және жанашыр жүрек» айлығы аясындағы кездесу
Бүгін гимназия оқушылары мен ұстаздары ардагерлерге арнайы барып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың бойына құрмет пен ізгілік, қамқорлық пен жанашырлық қасиеттерін дарытып, адамгершілік пен мейірімге тәрбиелейді. Ардагерлермен жүздесу сәтінде оқушылар ән шырқап, домбырамен күй орындап, жүрекжарды тілектерін арнады  
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
13
қазан
2025
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
Бүгін №12 мамандандырылған гимназия базасындаҰлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты қалалық ту ұстаушылар байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақты елжандылыққа, Отанға адалдық пен рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу,қазақ жастарының патриоттық рухын арттыру болды. Байқаудың негізгі кезеңі 28 Панфиловшылар саябағында өз жалғасын тапты. Мемлекеттік және әскери туларды абыроймен алып шыққан