"Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі жиналысы » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі жиналысы
05
қараша
2020

"Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі жиналысы

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани адамгершілікті, әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып, оны дамыту мақсатында "Адал ұрпақ" еріктілер клубы жаңа мүшелермен толықты . "Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі жиналысына республикалық "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, гимназия директоры Жанат Сәдуқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Уатайқызы, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алтынай Тұрарқызы және "Этикалық кеңес" келісім мүшелері қатысты. Жалпы гимназиямызда адалдыққа, әділдікке үндейтін "Адал ұрпақ" клубының мақсат-міндеттерін тек оқушылар ғана емес, ұстаздарымыздың да ұстанатынын мектеп директоры Жанат Сәдуқызы айтып өтті.
2019-2020 жылдардағы "Адал ұрпақ" ұйымының атқарған жұмыстары туралы ұйымның жауапты жетекшісі Асанәлі Әділжанұлы кеңінен тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. "Адал ұрпақ" еріктілер клубына қабылдану үшін 77 оқушы салтанатты түрде ант қабылдады. "Адал ұрпақ" ұйымына қабылданған оқушыларымызды Қайыржан Ахметбекұлы құттықтап, ұйымның алдағы уақыттағы жұмыс жоспарына сәттілік тілеп, ұсыныстар айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: