"Алматы-адалдық алаңы" » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алматы-адалдық алаңы"
15
наурыз
2019

"Алматы-адалдық алаңы"

«Алматы – адалдық алаңы» жобасы

 

Елбасының «Қазақстандық әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты халыққа жолдауын жүзеге асыру аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен «Алматы-адалдық алаңы» жобасы іске қосылды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевтың төрағалығымен, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О. Бектеновтың және Алматы қаласының мемлекеттік органдар басшыларымен, қоғамдық белсенділер қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық офисінің ашылуында белгілі болды.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О. Бектенов жоба жалпы қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және мемлекеттік қызмет беру сапасын жоғарлатуға бағыталғанын атап өтті.

«Алматы - адалдық алаңы» бірлескен жобасы күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыру. Жобалық офисінің бағыты мемлекеттік қызмет беру, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлуметтік қорғау, сәулет құрылыс және жер қатынастары мәселелері және басқа мәселелерді шешуге бағытталған. Жобалық офистің басым бір бағыты белсенді қоғам мүшелерін аталған процеске тарту деп О. Бектенов баяндады. 

Аталған жобалар қатарында «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы, бизнес шығындарын төмендетуге арналған 3D картасы құрылды, балабақшаға және мектептің бірінші сыныбына орындар бөлу автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Жалпы Алматы қаласында сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау және адам факторын төмендету мақсатында цифрландыру мүмкіндіктері белсенді қолданылады. Қалада барлық цифрландыру жобалары келесі негізгі ұстанымдарда қалыптасқан: ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты әкеп соғатын факторларды болдырмау, экономикалық қайтарым жене қызмет беру сапасын көтеру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: