«Білім беруде оқушы жетістігіне жетудің жолдары» атты әдістемелік семинар » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім беруде оқушы жетістігіне жетудің жолдары» атты әдістемелік семинар
12
наурыз
2019

«Білім беруде оқушы жетістігіне жетудің жолдары» атты әдістемелік семинар

Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен   «Білім беруде оқушы жетістігіне жетудің жолдары» атты әдістемелік семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының барлық аудандарындағы білім ошақтарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Гимназия директоры Сакенова Рахима Бөлекбайқызы жалпы гимназиямыздың соңғы уақытта жеткен жетістігіне тоқталып, семинардың кіріспе сөзін бастап берді. Оқу ісінің меңгерушісі Бекжанова Жанат Сәдуқызы «Дарынды даралау – ұстаз парызы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жеткен жетістіктеріне тоқталып, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу туралы баяндама жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарабекова Зәмзәгүл Болатбекқызы «Оқушыларға эссе жазудың тиімді жолдарын үйрету» тақырыбында эссе жазудың қыр-сырына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.

          Аталмыш іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде  гимназиямыздың тәжірибелі ұстаздары Бостанова Назира Ленсқызы мен Дүйсембаева Мөлдір Үсенқызы ашық сабақтар берсе, келесі бөлімінде «Бала Шоқан» театрының көркемдік жетекшісі Сайлаухан Абылай Беркінұлы оқушылармен шығармашылық бағытта қалай жұмыс жасау керектігін көрсетті.  

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: