Жетістіктеріміз » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезең қорытындысы
09
қаңтар
2024
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезең қорытындысы
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезең қорытындысы  1 орын - 2 оқушы  2 орын - 5 оқушы  3 орын - 6 оқушы  🏅- 5 оқушы  Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!!! 
2023 жылды қорытындылау кезеңі
25
желтоқсан
2023
2023 жылды қорытындылау кезеңі
      Міне, 2023 жылды қорытындылау кезеңі жетті. 2023 жыл гимназия ұжымына талай жеңістер әкелді. Ғылыми жобалар, олимпиадалар, мұғалім шығармашылығының сайыстарында гимназия оқушылары, ұстаздар орасан жеңіске жетті. 2024 жыл да гимназияға шығармашылық табыстар әкеледі деп сенеміз! 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дусимбаева Мөлдір Үсенқызы “Үздік педагог” атағына ие болды.
15
желтоқсан
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дусимбаева Мөлдір Үсенқызы
Республика бойынша 64 мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары “Үздік педагог” атағына ие болды. Топ жарғандардың арасында гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дусимбаева Мөлдір Үсенқызы бар. Мұғалім тек мамандық емес, жүректің қалауы. Қай заманда болсын ағартушылар қоғамды ең құнды дүние - білімге жетелейтін көрнекті тұлғалар саналады. Құрметті Мөлдір Үсенқызы, лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз!  https://www.instagram.com/p/C04lpJUrejH/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба байқауының қалалық кезең жеңімпаздары
13
желтоқсан
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба байқауының қалалық кезең жеңімпаздары 1.Бимаханова Асылжан 2.Дельденкова Ажар информатика ІІІ🥉 орын,  жетекшісі Маметова Гулназ, Азат Гулнур,11-сынып 3.Амир Алихан 4. Мырзатай Мерей қоршаған орта ІІІ 🥉орын жетекшісі Мұрат Майра, Косбергенова А. 9-сынып 5. Айдынқызы Айғаным 6.Сарсенхан Аяулым  қолданбалы математика ІІІ🥉 орын  жетекшісі Тоқтасын Сержан, Иманова Гулбану 11-сынып 7. Ерден Айша 8. Бақытжан Томирис экономика  І🥇 орын
“Бүкіл әлем менің сыныбымда” атты үздік сынып жетекшілер сайысының аудандық кезеңі өтті.
28
қараша
2023
“Бүкіл әлем менің сыныбымда” атты үздік сынып жетекшілер сайысының
Бүгін №131 мектеп лицейінде “Бүкіл әлем менің сыныбымда” атты үздік сынып жетекшілер сайысының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: Алматы қаласының білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту, сынып жетекшісінің қызметін жүзеге асыратын педагогтерді кәсіби жетілдіру. Осы байқауға мектебімізден бастауыш сынып жетекшісі Жарылқасынова Толқын қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. Қалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! 
"Алматы Ұстазы 2023" 2-кезең  байқауына қатысушы ұстаздардың қорытынды нәтижесі бойынша мектебіміздің  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбілқызы Анел ІІІ орын жеңімпазы атанды.
22
қыркүйек
2023
"Алматы Ұстазы 2023" 2-кезең байқауына қатысушы ұстаздардың
  "Алматы Ұстазы 2023" 2-кезең  байқауына қатысушы ұстаздардың қорытынды нәтижесі бойынша мектебіміздің  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбілқызы Анел ІІІ орын жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз!  Осындай жас педагогтердің кәсіби шеберлігінің өсуіне және шығармашылық шыңдалуына әсер беретін осындай сайыстар жалғасын таба береді деп ойлаймыз. Ұстаздарымызға еңбектеріне жеміс тілейміз және білікті де, білімді ізденімпаз ұстаздарымыздың болғанына мақтанамыз.
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңінің су көлік саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша Болатбай Ерсұлтан 1 дәрежелі диплом жүлдегері атанды.
20
қыркүйек
2023
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар байқауының
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңінің су көлік саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша жеңімпазы 11-сынып оқушысы Болатбай Ерсұлтан 1 дәрежелі диплом жүлдегері атанды. Жетекшісі: Маметова Гүлназ Қуатбековна   Жетекшісі: Маметова Гүлназ Қуатбековна 
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді.
09
қыркүйек
2023
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бүгін, 9 қыркүйек – “Тоғызқұмалақ”мерекесі күніне орай  Алматыда жаппай ойын өтті, оған 2028 оқушы қатысты. Мектебіміздің оқушылары  Ерлан Каусар  Құралбай Нұрай  Маратова Айгерім  Қуатбек Динара  Рауанқызы Балқадиша  Айдосұлы Әли  Еркын Елнара  Еркін Елзат Ерлан Рауза  Садық Ерасыл қатысып үздік өнер көрсетіп, Қазақстанның Гиннестік рекордттар кітабына енді.  Тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Сембаев Берік Аңсағанұлы.  Жетістікті кітап өкілі Қарлығаш Жаппар жазып, арнайы сертификат