Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады
13
желтоқсан
2019

Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады

Гимназиямыздың дәстүрлі мерекелерінің ішінде Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады. Кешегі ызғары өткен желтоқсандағы боздақтарымыздың ерлігін мақтанышпен дәріптеп, егіліп отырып еске алатын бұл мерекенің маңызын оқушыларымыз жақсы біледі. Биылғы жылы да дәстүрімізден жаңылмай керемет кеш өткіздік. Айтулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлы қатысты. Сонымен қатар желтоқсанда ел үшін шырылдаған Шүкей Несіпхан Қалдыбайқызы және гимназиямыздан Иманбаев Қуандық ағайымыз, Шохманова Қуаныш, Сатамбаева Майгүл апайларымыз сынды ер жүрек батырларымыз қадірлі қонақ болып қатысты. Жылдың қортынды уақытына қатар келген мереке қарсаңында адал істерінің арқасында биік белесті бағындырып жүрген әріптестеріміз Сайлаухан Абылай Беркінұлы, Абдашимов Дидар, Шәленова Манара аудан әкімі Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлының алғыс хатын алды. Сондай-ақ NurOtan демократиялық партиясының алғыс хатымен гимназия директоры Бекжанова Жанат Сәдуқызы, Сайлаухан Абылай Беркінұлы, Торақбаева Гүлжан, Маметова Гүлназ Қуатбекқызы марапатталды. Кеш барысында гимназиямыздың 5,6-сыныптарында оқитын озат оқушыларымызды "Жасұлан" ұйымына мүшелікке қабылдап, шәкірттерімізге арнайы галстуктарымен төсбелгілерін табыс етті.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: