Бос лауазымдық орынға конкурс » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымдық орынға конкурс
20
тамыз
2024

Бос лауазымдық орынға конкурс

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды:
 

  1. Орналасқан жері – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, №79
  2. Телефон нөмірлері – 8 (727) 291 68 73
  3. Электрондық пошта мекен-жайы – 12@alschool.kz
  4. Сайт – 12.alschool.kz 
  5. Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы – «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ 
  6. Уақытша бос лауазымның атауы – 

Бастауыш пәнінің мұғалімі (оқыту тілі қазақ тілі) – 16 сағат 

Физика пәнінің мұғалімі (оқыту тілі қазақ тілі) – 16 сағат

Математика пәнінің мұғалімі (оқыту тілі қазақ тілі) – 16 сағат


  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 20.08 – 27.08.2024ж.
  2. Құжаттарды қабылдау күні (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00 – 17:00 
  3. Конкурс өткізу уақыты – 20.08.2024ж. сағат 10:00 – 14:00
  4. Конкурс өтетін орны – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, мұғалімдер бөлмесі
  5. Конкурстық комиссияның қорытындысы – 27.08.2024ж. сағат 15:00

Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар  сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімілінде № 21579 болып тіркелген);
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Соттылықтың болмауы туралы анықтама;
  10. Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама;
  11. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
  12. №57 бұйрықтың 11-қосымшасын толтыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
  • педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы;
  • компьютерде және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламалармен жұмыс жасай білуі;
  • кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,  ғылыми академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттарының көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығының ұсынымы) ұсынады;
  • Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырады және мөрмен расталады.

Құжаттар топтамасы  толық  ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: