Бос лауазымдық орынға конкурс » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымдық орынға конкурс
02
ақпан
2024

Бос лауазымдық орынға конкурс

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды:
 
 
  1. Орналасқан жері – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, №79
  2. Телефон нөмірлері – 8 (727) 291 68 73
  3. Электрондық пошта мекен-жайы – 12@alschool.kz
  4. Сайт – 12.alschool.kz 
  5. Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы – «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ 
  6. Тұрақты бос лауазымның атауы – 
Бастауыш пәнінің мұғалімі (оқыту тілі қазақ тілі) – 16 сағат
  1. Негізгі функционалдық міндеттері:
  2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  3. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
  4. Білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «учитель/мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
  5. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  6. Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
  7. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  8. Журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
  9. Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  10. Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
  11. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  12. Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  13. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  14. Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  15. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  16. Ата-аналарға кеңес береді;
  17. Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  18. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  19. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  20. Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  21. Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
  22. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
     
     
  23. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 02.02 – 16.02.2024ж.
  24. Құжаттарды қабылдау күні (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00 – 17:00 
  25. Конкурс өткізу уақыты – 16.02.2024ж. сағат 10:00 – 14:00
  26. Конкурс өтетін орны – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі №79, 67 кабинет
  27. Конкурстық комиссияның қорытындысы – 16.02.2024ж. сағат 15:00
Қажетті құжаттар тізбесі:
  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар  сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімілінде № 21579 болып тіркелген);
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Соттылықтың болмауы туралы анықтама;
  10. Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама;
  11. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
  12. №57 бұйрықтың 11-қосымшасын толтыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
  • жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
  • педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы;
  • компьютерде және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламалармен жұмыс жасай білуі;
  • кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,  ғылыми академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттарының көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығының ұсынымы) ұсынады;
  • Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырады және мөрмен расталады.
Құжаттар топтамасы  толық  ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: