Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Көмек» жобасы аясында сынып сағаттары өтті
03
қараша
2025
«Көмек» жобасы аясында сынып сағаттары өтті
Ш. Уәлиханов атындағы 12 мамандандырылған гимназияда оқушылармен «Көмек» жобасы бойынша сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, мейірімділік пен жауапкершілік туралы ой бөлісіп, адамгершілік құндылықтардың маңызын талқылады.
Жеке қауіпсіздік – басты назарда!
03
қараша
2025
Жеке қауіпсіздік – басты назарда!
Ш. Уәлиханов атындағы 12 мамандандырылған гимназияда жеке қауіпсіздік тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шара барысында оқушылар өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен танысты. 🔹 Мұндай сабақтар балалардың санасында қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
27
қазан
2025
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Бүгін біздің мектепте Шәріп Мәлікаждар Әкімжанұлы – Медеу ауданы прокуратурасының прокуроры және полиция майоры Күмісбаева Н.Б. оқушыларға «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіптің маңызын түсіндіру және қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат беру. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Осындай шаралар жастардың жауапкершілігін қалыптастырып, саналы азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Республика күнімен құттықтаймыз!
24
қазан
2025
Республика күнімен құттықтаймыз!
Бұл — халқымыздың тәуелсіздікке, еркіндік пен бірлікке ұмтылған рухының мерекесі!Республика күні — әрбір қазақстандықтың жүрегінде елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті оятатын айрықша күн. 💙 Туған еліміз — Қазақстанымыз аман, көк туымыз биік, болашағымыз жарқын болсын! 🌞Әрбір шаңырақта бейбітшілік пен бақ-береке орнасын!
ҚАУІПСІЗ КАНИКУЛ – БАЛА ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
24
қазан
2025
ҚАУІПСІЗ КАНИКУЛ – БАЛА ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
Құрметті оқушылар!Каникул – демалыс пен сергудің уақыты, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өмірің мен денсаулығыңды қорғаудың басты кепілі. -Жолда абай болыңыз, тек жаяу жүргіншілер өткелінен өтіңіз.-Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз және бөгде заттарды алмаңыз.-Электр құралдарын өз бетіңізше қоспаңыз, ата-анаңыздың рұқсатынсыз пайдаланбаңыз.-Су айдындары мен биік жерлерде ойнаудан аулақ болыңыз.-Үйде жалғыз қалғанда есікті бөгде адамдарға ашпаңыз.-Өрт, газ иісі немесе төтенше жағдай
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Менің Отаным — Қазақстан» атты көрме өтті.
23
қазан
2025
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында оқушылардың
   Іс-шара барысында оқушылар өз қолымен салған суреттері арқылы туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін көрсетті.🌿 Көрме жұмыстары Отанға деген мақтаныш пен ел бірлігін дәріптеді.
«Абай мұрасы жасанды интеллект дәуірінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігіндн 10-сынып оқушылары арасында «Абай қарасөздеріндегі афоризмдерді талдау олимпиадасын» өткізді.
22
қазан
2025
«Абай мұрасы жасанды интеллект дәуірінде» атты қазақ тілі мен
«Абай мұрасы жасанды интеллект дәуірінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділжан Асанәлі Әділжанұлы гимназияның 10-сынып оқушылары арасында «Абай қарасөздеріндегі афоризмдерді талдау олимпиадасын» өткізді. Мақсаты:– Ұлы Абайдың рухани мұрасын заманауи технологиялармен сабақтастыра оқыту;– Ақынның терең ойлары мен ғибратты сөздерін жас ұрпақ санасында жаңғырту;– Абай афоризмдерінің мәңгілік мәні мен өміршеңдігін дәлелдеу.
«Абай мұрасы жасанды интеллект дәуірінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінде цифрлық білім беру кеңістігіндегі жаңаша тәсіл атты дәріс-конференция өткізді.
21
қазан
2025
«Абай мұрасы жасанды интеллект дәуірінде» атты қазақ тілі мен
«Абай мұрасы жасанды интеллект дәуірінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі . аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанышова Арайлым Бейбітқызы Абай мұрасын оқыту – цифрлық білім беру кеңістігіндегі жаңаша тәсіл атты дәріс-конференция өткізді.  Мақсаты: Абай мұрасын заманауи технологиялар арқылы оқыту; Ақынның ойларын жаңа буын жадында жаңғырту; Абай сөздерінің өміршеңдігін дәлелдеу.  Аталған іс-шарада 7”Б” сыныбы Ұлы Абайдың өлеңдерін цифрлық форматта ұсынып, өз
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді
20
қазан
2025
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат беріліп, әр саланың ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылды. Сонымен қатар, өз қабілеті мен қызығушылығына қарай мамандық таңдау маңыздылығы түсіндіріліп, болашақ кәсіби жолын айқындауда бағыт-бағдар берілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Республикам – мақтанышым” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
20
қазан
2025
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Республикам –
Алматы, Медеу ауданы Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Республикам – мақтанышым” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, туған елінің тарихын, мәдениетін және жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы мәліметтермен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Шара жоғары деңгейде, патриоттық рухта өтті.