Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
Қауіпсіздік – басты назарда!  сынып сағаты болып өтті
24
ақпан
2025
Қауіпсіздік – басты назарда! сынып сағаты болып өтті
Сынып сағаты: Қауіпсіздік – басты назарда!    Әр дүйсенбі өтетін  сынып сағатында оқушылар Мемлекеттік Әнұранды орындап, маңызды тақырыптарды талқылады.  10 минуттық түсіндірме жұмысы Көмек бағдарламасы бойынша  қауіпсіздік ережелеріне арналды. Оқушыларға  жеке, төтенше жағдай кезіндегі  және өрт қауіпсіздігі туралы түсінік беріліп, сақтық шараларының маңыздылығы айтылды.  Сонымен қатар, Тәуелсіздік пен Отаншылдық тақырыптары талқыланып,  Алғыс айту күніне орай бір-біріне ризашылық білдірудің
Кітапханаға қызықты саяхат!
21
ақпан
2025
Кітапханаға қызықты саяхат!
Кітапханаға қызықты саяхат!  Гимназиямыздың 4А сынып  оқушылары Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай кітапханаға барып, танымдық іс-шараға қатысты.  Балалар өздері оқыған жазушының «Ермектің алмасы», «Есеннің кірпісі», «Сел», «Жас бұтақ» әңгімелерін талқылап, сұрақтарға жауап берді. Әр әңгімеден өзіне ой түйіп, шығармалардың тәрбиелік мәнін ұғынды.  Кітапханашылар С.Бегалиннің еңбектері мен қолданған заттары туралы қызықты деректермен, бейнероликтермен бөлісті.  Ерекше қонағымыз – жазушының
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым  Гимназиямызда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай 8-10 сынып оқушыларына арналған “Ауған жаңғырығы” атты кездесу өтті.
20
ақпан
2025
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым Гимназиямызда Кеңес әскерінің
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым  Гимназиямызда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай 8-10 сынып оқушыларына арналған “Ауған жаңғырығы” атты кездесу өтті.  Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, ҰҚК Шекара әскерінің полковнигі Анацкий Владимир Георгиевич*, ҰҚК полковнигі Атыканов Алик Атыканович қатысты.  Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын түсіндіру.  Оқушылар өз
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті!
19
ақпан
2025
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті!
19 ақпан күні гимназиямыздың 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.  Профессор Рузиддинов атындағы медициналық колледж оқытушылары  Кеңес Жібек Төлентайқызы  мен Серікбай Алина Құрманбекқызы медицина, фармация, стоматология және техникалық мамандықтар туралы ақпарат берді.  Оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт алды.
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.” 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады.
17
ақпан
2025
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.” 10-сынып
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.”  Бүгін 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады. Оқушылар 28-ші Панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға тағзым етіп, батырлар рухына гүл шоқтарын қойды.    Бұл шара  патриоттық тәрбиені нығайтып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Ардагерлер  бейбітшілік пен тәуелсіздіктің бағасын ұғындырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
“Қыз баланың күтімі мен денсаулығы” тақырыбында кездесу өтті
17
ақпан
2025
“Қыз баланың күтімі мен денсаулығы” тақырыбында кездесу өтті
Гимназиямызда 10-сынып оқушыларына мектеп психологтарымен бірлескен кездесу сабағы өтті.  Кездесуге 1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гаухар Мұхтарханқызы қыз балалардың денсаулығы, дұрыс күтім және салауатты өмір салты туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.  Оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, денсаулыққа деген жауапкершілікті арттырды.  Салауатты өмір – бақытты болашақ!
Буллинг – баланың психологиясына үлкен әсер ететін жағымсыз құбылыс. Келемеждеу, мазақ ету, қорқыту немесе оқшаулау – кез келген адамға зиян келтіруі мүмкін.
17
ақпан
2025
Буллинг – баланың психологиясына үлкен әсер ететін жағымсыз құбылыс.
Буллинг – баланың психологиясына үлкен әсер ететін жағымсыз құбылыс. Келемеждеу, мазақ ету, қорқыту немесе оқшаулау – кез келген адамға зиян келтіруі мүмкін. Гимназиямыздың психологтары 6 сынып оқушыларымен психопрафилактикалық жұмыс жүргізді. Тренинг нәтижесінде: Оқушылар буллинг туралы түсінік алды. Олар буллингтің не екенін, оның түрлерін және қандай зиян келтіретінін түсінді. Өздерін және басқаларды қорғау жолдарын үйренді. Қорлық көрген жағдайда кімге жүгіну керектігін, қалай әрекет ету
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.”
14
ақпан
2025
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.”
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.”  Бүгін 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады. Оқушылар 28-ші Панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға тағзым етіп, батырлар рухына гүл шоқтарын қойды.    Бұл шара  патриоттық тәрбиені нығайтып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Ардагерлер  бейбітшілік пен тәуелсіздіктің бағасын ұғындырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
“Өрт-қауіп, сақтық-қорғаныс”
12
ақпан
2025
“Өрт-қауіп, сақтық-қорғаныс”
“Өрт-қауіп, сақтық-қорғаныс” Бүгін гимназиямызда “Біріңғай өрт қауіпсіздігі» аясында Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Гиззатов Алишер Адилұлы қонақта болды.  Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.  Өрт кезіндегі дұрыс әрекеттер мен алғашқы қауіпсіздік шаралары туралы сұрақтарға жауап берілді.  Болашақта осындай төтенше жағдайлардың алдын алу
“Шын жүректен кітап сыйла” челленджі
11
ақпан
2025
“Шын жүректен кітап сыйла” челленджі
“Шын жүректен кітап сыйла” челленджі Гимназиямыздың 4-сынып оқушылары “Шын жүректен кітап сыйла”челленджіне белсене қатысып, мектеп кітапханасына құнды кітаптар сыйлады!  -Абай атамыздың қарасөздері -Қазақ халқының мақал-мәтелдері -Танымдық ертегілер Оқушылардың бұл игі ісі – білім мен тәрбиеге қосқан үлкен үлес! Кітап – сарқылмас қазына, ал оны сыйлау – ізгілік пен қамқорлықтың белгісі.  Кітап оқы, білімді бол! Барша оқушыларға алғысымыз шексіз!