Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
“Көктемгі демалыс”
26
наурыз
2025
“Көктемгі демалыс”
Көктемгі демалыс – тек тынығу уақыты ғана емес, сонымен қатар пайдалы істермен айналысу мүмкіндігі. Гимназия оқушылары бұл кезеңді табиғатқа қамқорлық жасап, үй шаруасына көмектесіп, шығармашылықпен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуге арнады. Аулаларын тазалап, көшеттер отырғызды. Бұл бастама оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершіліктерін нығайтады.
100 жылдан аса тарихы бар білім ордаларының басын қосқан кездесу
26
наурыз
2025
100 жылдан аса тарихы бар білім ордаларының басын қосқан кездесу
Оқу ағарту  министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы  100 жылдан астам тарихы бар білім ошақтарының ұжымдарымен Zoom платформасында кездесу өткізді.  Кездесуде 183 жылдық тарихы бар Жәңгір мектебі, 160 жылдық тарихы бар Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейі, 162 жылдық тарихы бар Махамбет ауданы Қызылүй орта мектебі сынды тарихи білім ордалары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Осындай терең тарихы бар мектептер – ел болашағының жарқын кепілі!
“Тазалық күні – табиғатқа жанашырлық!”
21
наурыз
2025
“Тазалық күні – табиғатқа жанашырлық!”
Бүгінгі “Тазалық күні” аясында оқушыларымыз көктемгі демалыстарын пайдалы іспен өткізіп, аулаларын тазалап, ағаштар отырғызды. Ортақ еңбектің нәтижесі – таза орта мен жайқалған жасыл желек!  Оқушыларымыздың еңбегін суреттерден тамашалаңыз!
КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
20
наурыз
2025
КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
Бүгін мектебімізде ерекше күн болды . Оқушыларымыз тазалық жұмыстарына атсалысып, сыныптарын, дәліздерді, мектеп ауласын ретке келтірді. Көктемгі демалысты таза әрі жайлы ортада қарсы алу үшін оқушылар мен мұғалімдер бірге жұмыс жасап, ауаны тазартып, көңілді атмосфера орнатты. Үстелдер, орындықтар сүртілді. Терезелер ашылып, бөлмелер желдетілді Тазалық – тек айналаны емес, көңіл-күйді де жақсартады! Осындай ортада оқу да, демалу да әлдеқайда жағымды. Оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ!
20
наурыз
2025
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ!
Бүгін гимназиямызда  Ұлттық ойын күні ерекше көңіл-күймен өтті. Оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату, 5 тас, арқан тартыс, гір көтеру сынды қазақтың дәстүрлі ойындарына белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.  Жарыстар барысында логикалық ойлау, ептілік, күш және мергендік сынға түсті. Оқушылар командалық рухты танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.  Бұл күн барлығына  көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер қалдырды!
Домбыра – қазақтың жаны!
20
наурыз
2025
Домбыра – қазақтың жаны!
Домбыра – қазақтың жаны! Домбыра – халқымыздың қасиетті музыкалық аспабы. Оның күмбірлеген үні қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, даланың кеңдігін бейнелейді. Ұлттық болмысымызды сақтап, домбыра челленджіне қатысайық!
Ұлттық киім күні – ата-бабамыздан қалған асыл мұра!
18
наурыз
2025
Ұлттық киім күні – ата-бабамыздан қалған асыл мұра!
Ұлттық киім – халқымыздың бай мәдениеті мен рухани құндылықтарының көрінісі. Әр ою, әр өрнек – өткеннің ізі, болашаққа аманат.  Бүгін – ұлттық киімімізді дәріптеп, салт-дәстүрімізді ұлықтайтын күн! Баршаңызды осы ерекше мерекені бірге атап өтуге шақырамыз!
16 Наурыз- Шаңырақ күні!
17
наурыз
2025
16 Наурыз- Шаңырақ күні!
16 Наурыз- Шаңырақ күні “Наурызнама” жалпыұлттық онкүндік аясында ұлықтаған мерейлі мерекенің  әр орбасы  үшін маңызы ерекше. Атаулы күнге оқушыларымыз отбасы мүшелерімен бірге  өткізге бейнежазбаларын тарту етті.
“Өрт қауіпсіздігі ортақ міндет” шығармашылық сағаты өтті.
06
наурыз
2025
“Өрт қауіпсіздігі ортақ міндет” шығармашылық сағаты өтті.
Оқушылар  өрттің алдын алу және  қауіпсіздік ережелері тақырыбында суреттер салып, қауіпсіздіктің маңызын түсінді. Өрт сөндірушілердің ерлігі туралы бейнелеп  өз шығармашылықтарын көрсетті. Қатысушыларға алғыс айтамыз.  Өрт қауіпсіздігін бірге сақтайық!
«Анамның аялы алақаны» челленджі!
05
наурыз
2025
«Анамның аялы алақаны» челленджі!
Ана алақаны – мейірім мен жылулықтың символы. Челленджге қатысып, анаңыздың аялы алақаны туралы естеліктеріңізбен бөлісіңіз!  Ана махаббатын бірге дәріптейік!