Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада
19
мамыр
2021
Республикалық олимпиада
19.05.2021 жылы “Орыс тілі мен әдебиетінен” Республикалық олимпиада ойдағыдай аяқталып, “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озатын” сайыста биік белестерді бағындырған талантты оқушыларды марапаттау салтанаты Алматы қалалық Оқушылар сарайында болып өтті. Республикалық олимпиадада Алматы қаласы көрсеткіші бойыншы бірінші орынға ие болды. Бұл тек оқушылардың ғана емес оларды дайындаған мұғалімдердің де еңбегі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қайрат Ізбасарұлы гимназиямыздың
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан “Алтын доп лигасы” өз мәресіне жетті.
15
мамыр
2021
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан “Алтын доп лигасы” өз мәресіне жетті. Гимназиямыздың шәкірттері бұл дода өз өнерлерін көрсетіп, Республика чемпионы атанды. Команда жетекшісі Иманбеков Данияр Болатханұлын және оның шәкірттерін қол жеткізген үлкен жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жетуіне тілек білдіреміз!
“Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті. “Қайрат” клубы жүлделі бірінші орынды иеленді
12
мамыр
2021
“Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті.
“Спорт-денсаулық кепілі” демекші гимназиямыздың 5”Д” сынып оқушысы Талғат Бекарыс футболдан жасөспірімдер арасында өткен “Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті. “Қайрат” клубы жүлделі бірінші орынды иеленіп, шәкіртіміз Бекарыс “Ең үздік қорғаушы” атанды. Алдағы уақытта жеңістерің көп болсын!
"Үздік педагог -2021"
06
мамыр
2021
"Үздік педагог -2021"
Медеу ауданы білім беру  мекемелерінің ұстаздары арасында "Үздік педагог-2021"байқауы өтті . Аудандық байқаудан гимназиямыздың химия және биология пәнінің мұғалімі Паримбекова Айгүл Мырзанқызы қалалық кезеңге жолдама алды. Білімді де  білікті ұстазымызға қалалық додадан топ жарып шығуға тілек білдіреміз!
Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы"
29
сәуір
2021
Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен "ХХІ
Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбында өткен ІІІ қалалық педагогикалық оқуларында Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының тарих пәні мұғалімі Абдашимов Дидар Куанышұлы І орынды иеленді. Құттықтаймыз!  
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді
22
қазан
2020
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми -практикалық орталығының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Абай оқуларына" гимназиямыздың дарынды оқушысы Әбілғазы Шәкәрім қатысып, "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәмзагүл Болатбекқызы.