✨ Тілге құрмет – елге қызмет!✨
7 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты өтті. Ұлт рухын ұлықтаған апталықтың тақырыбы – “Тілге құрмет – елге қызмет” деп аталды. Кеш шымылдығы сырлы күймен түріліп, оқушылар жүректерге жол тартар өлең-жырларын оқыды. Сырлы саз, тіл мәртебесін ардақтаған сөз – барлығы рухани байлықтың айғағы болды. Интеллектуалды ойын арқылы оқушылар білімдерін сынап, естелік сыйлықтарға ие болды. Ізденімпаздық пен