Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 19
Құттықтаймыз!!!🎉
08
қаңтар
2026
Құттықтаймыз!!!🎉
      Гимназиямыздың тарих пәні мұғалімі Ауылбай Нұржан «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатысып, жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды 🏆       Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденісінің жарқын дәлелі. Осындай биік белестер гимназиямыздың білім сапасын арттырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде үлкен серпін береді.
📌 Педагогикалық кеңес №3
06
қаңтар
2026
📌 Педагогикалық кеңес №3
🎯 Тақырыбы: Гимназияда оқушы білімін тұрақты дамыту жолдары Қазіргі білім беру кеңістігінде оқушылардың білім сапасының тұрақсыздығы, оқу мотивациясының төмендеуі және алған білімді практикада қолдану дағдыларының жеткіліксіз дамуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай гимназияда кезекті Педагогикалық кеңес №3 өткізілді. 🔹 Кеңесте төмендегі мазмұнды баяндамалар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұсынылды: ▪️ «Оқушы білімін тұрақты дамыту жолдары» Д.М. Сұлтанбек – қазақ тілі мен әдебиеті
Психология – жан мен жүрек үндестігіне апарар жол
22
желтоқсан
2025
Психология – жан мен жүрек үндестігіне апарар жол
Гимназия қабырғасында ұйымдастырылған психология апталығы – оқушылардың, ата-аналар мен педагогтердің психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды әрі мазмұнды іс-шара. Апталық барысында: - эмоциялық тұрақтылық, - стресске төзімділік, - өз-өзіңді тану, - қарым-қатынас мәдениеті  сияқты өзекті бағыттар қамтылып, тренингтер, диагностикалық жұмыстар, сұхбаттар мен кеңестер өткізілді. Психолог – жан айнасы. Шынайы жанды тыңдай алатын, бағыт беріп, қолдау көрсете алатын тұлға – психолог. 
✨ РУХАНИ КЕШ — ӨНЕР МЕН ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ ✨
18
желтоқсан
2025
✨ РУХАНИ КЕШ — ӨНЕР МЕН ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ ✨
Бүгінгі рухани кеш қазақ сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы Төлек Тілеухановтың, сондай-ақ саналы ғұмырын білім мен тәрбиенің сара жолына арнаған, қазақ мектебінің қара шаңырағына айналған №12 гимназияда ұзақ жылдар еңбек еткен, математика пәнінің мұғалімі Советғайша Халықованың еңбегіне арналды. 📚 Бұл игі шара жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, ұлттың сөз өнері мен ұстаз еңбегін ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.
Тәуелсіздік күнімен!
15
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік күнімен!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз білімді де елжанды болсын! ⸻ 🎖️ “Жас ұлан” және “Жас Қыран”  ұйымына қабылдау Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Оқушыларымыз патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында осы мәртебелі ұйымдардың қатарына қосылды. 🟩 “Жас Ұлан” — елге қызмет етуге дайын, білімді жас буынның символы 🟦 “Жас Қыран” — тәртіп,
«Қауіпсіз және жайлы мектеп ортасында адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу» тақырыбындағы қалалық ата-аналар жиналысы Zoom форматында өтті.
11
желтоқсан
2025
«Қауіпсіз және жайлы мектеп ортасында адалдық пен парасаттылықты
Алматы қаласы Білім басқармасының “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйыдастыруымен «Қауіпсіз және жайлы мектеп ортасында адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу» тақырыбындағы қалалық ата-аналар жиналысы Zoom форматында өтті. Жиынға мектептердің сынып төрайымдары қатысты. 1. Көмек бағдарламасы     •    Төтенше жағдайларда балалардың іс-әрекеті;        •    Жер сілкінісі болған жағдайда орындалатын амалдар;         •    Дабыл чемоданы туралы ақпарат;        
📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
08
желтоқсан
2025
📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл жарыстың мақсаты – өз ісіне адал, шығармашыл, жаңашыл педагогтарды анықтап, қолдау көрсету. 🔹 Қатысушылар кәсіби шеберлігін танытып, әдістемелік дайындығын көрсетті. 🔹 Байқау барлық қатысушылар үшін тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен шабыттың алаңына айналды. Барлық ұстаздарға еңбегі мен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆🌟