“Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі”
Қалалық №32 кітапханамен бірлесіп, теолог, исламтанушы Ермек Жамбылұлы Көкірекбаевтың қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіру, жастардың санасына ұлттық рух пен рухани иммунитет қалыптастыру, теріс ағымдарға жол бермеудің жолдарын көрсету. Кездесу барысында оқушыларға діни сауаттылықтың маңызы, жалған діни ағымдардан сақтану жолдары жайлы ақпарат беріліп, мазмұнды әңгіме өрбіді.