Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда «Жұлдызды Сәт» - ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі өнерді үйлестіретін гала-концерт болып өтті.
14
мамыр
2026

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда «Жұлдызды Сәт» - ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі өнерді үйлестіретін гала-концерт болып өтті.

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер мен мәдениетке қызығушылығын арттыру және талантты оқушыларды қолдау мақсатында Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультетінің қатысуымен «Жұлдызды сәт» гала-концерті ұйымдастырылады.

Концерт барысында гимназия оқушыларының үйірме жұмыстары аясындағы жетістіктері көрсетіліп, олардың өнерге деген қызығушылығы мен ізденістері жас таланттардың үлкен сахнаға алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді.

Жас өнерпаздар, шығармашылықтарыңыз шыңдалып, армандарыңыз асқақтай берсін! Өнер жолында биік белестерді бағындырып, ел мақтанышына айналуларыңызға тілектеспіз!!!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: