14
қараша
2025
"Балаларға қатыгездіктің алдын алу онкүндігі" аясында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Гимназиямызда "Балаларға қатыгездіктің алдын алу онкүндігі" аясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста гимназиямыздың педагог-психологтары мен 6”Б”, 7”Б” сынып жетекшілері бірлесе отырып балаларға мейірімді қарым-қатынас орнату, зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары, отбасындағы тәрбиенің рөлі, ата-ананың жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қозғады, сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығымен тағы да таныстырып өтті.
Ата-аналармен ашық диалог жүргізіліп, бала құқықтары мен қауіпсіздігі жайлы ақпарат беріліп, сергіту сәтін ұйымдастырды. Бала — отбасының айнасы, ал оның қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсуі — баршамыздың ортақ міндетіміз.
📌 Баланы түсіну, тыңдау, қолдау — ең тиімді тәрбие құралы екенін ұмытпайық!