Материалы за Мамыр 2021 года » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2021 года
2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар алгоритимі
26
мамыр
2021
2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар
Мекеме: Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия 2020-2021 оқу жылы «Білім туралы» 2007 жылғы  27 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 14 –тармақшасына сәйкес шығарылған  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «2020-2021 оқу жылының аяқталуы және орта білім беру ұйымдарында  қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімін бекіту туралы  2021 жылғы 05 мамырдағы № 203 бұйрығына     негізінде Ш.Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназияда оқу сабақтары 2021
Республикалық олимпиада
19
мамыр
2021
Республикалық олимпиада
19.05.2021 жылы “Орыс тілі мен әдебиетінен” Республикалық олимпиада ойдағыдай аяқталып, “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озатын” сайыста биік белестерді бағындырған талантты оқушыларды марапаттау салтанаты Алматы қалалық Оқушылар сарайында болып өтті. Республикалық олимпиадада Алматы қаласы көрсеткіші бойыншы бірінші орынға ие болды. Бұл тек оқушылардың ғана емес оларды дайындаған мұғалімдердің де еңбегі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қайрат Ізбасарұлы гимназиямыздың
Гимназиямыздың оқушылары мен ата-аналары видеосайысқа белсене қатысып, жанұясандағы қуанышты сәттермен бөлісуде.
15
мамыр
2021
Гимназиямыздың оқушылары мен ата-аналары видеосайысқа белсене
Отбасы сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол-шағын мемлекет. 15-мамыр Халықаралық Отбасы күні. Осыған орай гимназиямызда ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында “Менің отбасым-менің бақытым” видеосайысы өтуде. Гимназиямыздың оқушылары мен ата-аналары видеосайысқа белсене қатысып,
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан “Алтын доп лигасы” өз мәресіне жетті.
15
мамыр
2021
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан “Алтын доп лигасы” өз мәресіне жетті. Гимназиямыздың шәкірттері бұл дода өз өнерлерін көрсетіп, Республика чемпионы атанды. Команда жетекшісі Иманбеков Данияр Болатханұлын және оның шәкірттерін қол жеткізген үлкен жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жетуіне тілек білдіреміз!
“Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті. “Қайрат” клубы жүлделі бірінші орынды иеленді
12
мамыр
2021
“Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті.
“Спорт-денсаулық кепілі” демекші гимназиямыздың 5”Д” сынып оқушысы Талғат Бекарыс футболдан жасөспірімдер арасында өткен “Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті. “Қайрат” клубы жүлделі бірінші орынды иеленіп, шәкіртіміз Бекарыс “Ең үздік қорғаушы” атанды. Алдағы уақытта жеңістерің көп болсын!
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн құтты болсын!
11
мамыр
2021
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн құтты болсын! Ұлы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсті. Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама жастар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.
Қалалық "Алматы түлек" олимпиадасы
11
мамыр
2021
Қалалық "Алматы түлек" олимпиадасы
Қалалық "Алматы түлек" олимпиадасына гимназияның 10 сынып оқушылары қатысты. Елетай Расул ІІ дәрежелі дипломмен және 10000 теңге сыйақыны жеңіп алды. Сауқымбек Айбек ІІІ дәрежелі диплом, 5000 тг сыйақымен марапатталды. Шәміл Назерке, Өскенбай Ділназ Грамота иегерлері атанды. Жетекшілері: Ж.А. Мухамедиева, Г.Т Оразбаева, Н.Б.Касымова, А.Д.Аубакирова. "Алтын түлек" олимпиадасының қалалық кезеңінің 2-орын жеңімпазы Ш.Уәлиханов атындағы #12 мамандандырылған гимназия атанды. Құттықтаймыз!!!  
Аталған жоба аясында гимназиямыздың оқушылары өз үйлерінің кітапханаларымен таныстырып, өзі оқыған және алдағы уақытта оқитын кітаптарымен бөлісті.
10
мамыр
2021
Аталған жоба аясында гимназиямыздың оқушылары өз үйлерінің
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасын бекіткен болатын. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретінде оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында “Оқуға құштар мектеп” жобасының үлесі маңызды. Кітап оқу білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір кілті ретінде, ал тұлғаны тәрбиелеу және білім беру-адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің
Ұлы жеңістің 76 жылдығына арналған шығармаларды оқу челледжі.
10
мамыр
2021
---
Ұлы жеңістің 76 жылдығына арналған шығармаларды оқу челледжі.
Ұлы Жеңіс күні – ең маңызды мерекелердің бірі. Ардагерлеріміздің ерлігін дәріптеп, кейінгі буын өкілдеріне айту өте маңызды. Осыған байланысты гимназиямыздың оқушылары арасында Ұлы жеңістің 76 жылдығына арналған шығармаларды оқу челледжі.
Гимназиямыздың 5-6 сыныптар оқушылары арасында жеңіс күніне арнап сурет көрмесін өткіздік.
10
мамыр
2021
Гимназиямыздың 5-6 сыныптар оқушылары арасында жеңіс күніне арнап
Ер есімі- Ел есінде. Өкінішке орай Ұлы жеңісіміздің авторлары, ардагерлеріміздің саны жылдан жылға сиреп барады. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сый-құрмет көрсете отырып, гимназиямыздың 5-6 сыныптар оқушылары арасында жеңіс күніне арнап сурет көрмесін өткіздік.