Материалы за 11.05.2021 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 11.05.2021
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн құтты болсын!
11
мамыр
2021
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн құтты болсын! Ұлы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсті. Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама жастар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.
Қалалық "Алматы түлек" олимпиадасы
11
мамыр
2021
Қалалық "Алматы түлек" олимпиадасы
Қалалық "Алматы түлек" олимпиадасына гимназияның 10 сынып оқушылары қатысты. Елетай Расул ІІ дәрежелі дипломмен және 10000 теңге сыйақыны жеңіп алды. Сауқымбек Айбек ІІІ дәрежелі диплом, 5000 тг сыйақымен марапатталды. Шәміл Назерке, Өскенбай Ділназ Грамота иегерлері атанды. Жетекшілері: Ж.А. Мухамедиева, Г.Т Оразбаева, Н.Б.Касымова, А.Д.Аубакирова. "Алтын түлек" олимпиадасының қалалық кезеңінің 2-орын жеңімпазы Ш.Уәлиханов атындағы #12 мамандандырылған гимназия атанды. Құттықтаймыз!!!