2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар алгоритимі » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар алгоритимі
26
мамыр
2021

2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар алгоритимі

Мекеме:

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия




2020-2021

оқу жылы



«Білім туралы» 2007 жылғы  27 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 14 –тармақшасына сәйкес шығарылған  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «2020-2021 оқу жылының аяқталуы және орта білім беру ұйымдарында  қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімін бекіту туралы  2021 жылғы 05 мамырдағы № 203 бұйрығына     негізінде Ш.Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназияда оқу сабақтары 2021 жылғы 25 мамырда аяқталады

«Соңғы қоңырау» өткізу  

Алматықаласының  санитарлық-эпидемологиялық жағдайына  байланысты     «Соңғы қоңырау» онлайн форматта өткізіледі.

Онлайн форматтағы  сынып сағатында:

  • Оқушылар үлгерімі
  • Оқушылардың білім, өнер, спорт жетістіктері
  • Жазғы демалыс-2021
  • «Оқуға құштар мектеп» жобасы
  • Үздік оқушыларды онлайн режимде марапаттау


Техникалық құралдар

2020-2021 оқу жылы. ҚО кезінде мектеп балансындағы оқушыларға таратылған техникалық құралдарды өткізу. АКТ бойынша. 

Жауапты: ДШЖО Селюжицкая Р., әлеуметтік педагог Шохманова К., ДОІЖО Маразикова Г.  

Оқулықтарды тапсыру графигі 

24.05.2021 ж. 1-11 сыныптар оқулықтарды     уақытында тапсыру. Оқулық тапсыру графигі жұмыс чатына жіберілді. Оқулықты таза, түптеп, түгендеп өткізу

Жазғы мектеп.

 1-19 маусым аралығда ата-аналар өтініші туралы кезекші сыныптар. 

5,6,7,8,10 сыныптар үшін кезекші сыныптар ашылуы бойынша ата-аналарға ескерту. 15 оқушыға дейін кезекші сыныптарда негізгі пәндер оқытылады.  

Қорытынды аттестация

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты

шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулық


 1-бөлім. Жалпы ережелер 

1. Осы Нұсқаулық 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде 9 (10) сыныптар үшін негізгі орта білім беру және 11 (12) сыныптар үшін жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Нұсқаулық).  

2. Қорытынды аттестаттау орта білім беру ұйымдарында санитариялық қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып, мынадай нысандарда және белгіленген мерзімдерде өткізіледі:

9 (10) сынып білім алушылары:


1) қазақ тілі мен әдебиеті –жазбаша емтихан (эссе) – 28 мамырда;

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2 маусымда;

3) орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан– 5 маусымда.


11(12) сынып білім алушылары:


1) қазақ тілі мен әдебиеті  (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 1 маусымда:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 4 маусымда;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 7 маусымда;

4) орыс тілі пәнінен тестілеу – 10 маусымда.


Аттесттатарды беру уақыты

12-14 маусым

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: