Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласында жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті
08
сәуір
2025
Алматы қаласында жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті
2025 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласының прокуратурасы Полиция департаменті және Психикалық денсаулық орталықтарымен бірлесіп, онлайн және оффлайн форматта жалпықалалық ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың тақырыбы:«Балалар қауіпсіздігі – басты басымдық». Қазіргі заманда балалардың қауіпсіздігі – ең маңызды мәселе. Біз әрдайым сергек әрі ақпараттандырылған болуымыз қажет, балаларымызды түрлі қауіп-қатерден қорғау үшін. Жиналыс барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды: 1. Интернеттегі
WorldSkills Almaty 2025
08
сәуір
2025
WorldSkills Almaty 2025
Алматы қаласында  X өңірлік WorldSkills Almaty 2025 чемпионаты өз жұмысын бастады. Бұл – халықаралық қозғалыстың бір бөлігі болып табылатын, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мен жастардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған маңызды алаң. Чемпионат 9–11 сәуір аралығында “Атакент” көрме орталығында өтуде. Биылғы жылы чемпионатқа 53 құзырет бойынша 350-ге жуық жас маман қатысуда. Нәтижелерді бағалау үшін 500-ден астам тәжірибелі сарапшы тартылған. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 14 сәуір
Сәуір айы “Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы”
07
сәуір
2025
Сәуір айы “Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы”
Сәуір айы “Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы” Апта «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» деген тәрбиелік мәні зор дәйек сөзбен басталып,сынып сағаттары “Жеке қауіпсіздік”, “Жер сілкінісі”  тақырыптарымен қамтылды.  Бұл шаралар оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілеттерін арттыруға бағытталды.
Девиантты мінез-құлық – алдын алудың маңызы зор!
07
сәуір
2025
Девиантты мінез-құлық – алдын алудың маңызы зор!
Сәуір айы жоспарына  сәйкес гимназиямызда №1 қалалық емхананың дәрігер-психологы Өмірзақов Мирас Нұрланұлы  оқушыларымен «Девиантты мінез-құлық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.Кездесу барысында оқушыларға девиантты мінез-құлықтың себептері, салдары және оның алдын алу жолдары туралы нақты мәліметтер берілді. Жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған бұл кездесу ашық диалог форматында өтті.Салауатты сана — жарқын болашақтың кепілі!
«Гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбындағы кездесу
07
сәуір
2025
«Гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбындағы кездесу
Сәуір айының жоспарына сәйкес  гимназиямызда №1 қалалық емхананың дәрігері Бекқожа Әділет Жаманқараұлы жоғары сынып ер балаларымен  кездесіп, «Гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы, жас ерекшеліктеріне сай өзгерістер мен жыныстық тәрбиенің маңыздылығы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Оқушылар дәрігерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар өскелең
Жол қауіпсіздігі – басты назарда!
07
сәуір
2025
Жол қауіпсіздігі – басты назарда!
Мектебімізде жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп инспекторы Н. Махимов оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, мопед самокат және басқа да жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде  қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде кеңінен айтылды.  18 жасқа толмаған балалардың мопед секілді көлік құралдарын басқаруына рұқсат етілмейтінін және заңмен реттелген талап екененін,  осы талапты бұзған жағдайда ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.Балаларға жолда жүру
Бүгін мектебімізде ерекше кездесу өтті!
04
сәуір
2025
Бүгін мектебімізде ерекше кездесу өтті!
«Горна Егерский» батальонынан полковник Усманов Ержан Алпысбайұлы мен офицерлер келіп, оқушылармен кездесті.  Олар әскери өмірдің қызығы мен қиыншылығы, батылдық пен ерлік жайлы әсерлі әңгімелер айтып, патриоттық рухты оятты.  Сонымен қатар, әскери оқу орындарына қалай түсуге болатынын түсіндіріп, маңызды кеңестер берді.  Балалар үшін бұл кездесу үлкен шабыт пен мотивация болды.
Батылдық пен өжеттік – ел рухының айғағы!
03
сәуір
2025
Батылдық пен өжеттік – ел рухының айғағы!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебімізде  өскелең ұрпақтың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік пен ел үшін жан аямай күрескен ерлерге тағзым ету сезімін ұялату мақсатында «Батылдық пен өжеттік»тақырыбында  сынып сағаты  өтті. Оқушылар майдан даласындағы ер жүрек батырлардың өмірі мен ерліктері жайлы тың деректермен танысып, бейбіт күннің қадірін терең сезінді. Кеш барысында өлеңдер оқылып, көріністер қойылып, естелік әңгімелер айтылды.
Кинотеатр – көрерменімен көрікті!
26
наурыз
2025
Кинотеатр – көрерменімен көрікті!
Көктемгі демалысты тиімді өткізу мақсатында гимназия оқушылары “Болмаған балалық шақ” фильміне барды.  Тарихи туынды оқушыларға терең ой салып, тағылымды әсер қалдырды. Осындай мәдени шаралар – рухани дамудың маңызды бөлігі!
Орталық мұражайға саяхат
26
наурыз
2025
Орталық мұражайға саяхат
Гимназия оқушылары көктемгі демалыс уақытында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына саяхат жасап, тарихи жәдігерлермен танысты. Мұражай залдарында оқушылар қазақ халқының мәдениеті, тәуелсіздік жолындағы күресі және ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихи кезеңдер туралы қызықты мағлұмат алды. Бұл саяхат оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Мұражайдағы ерекше экспонаттар мен құнды деректер оларды терең ойға жетелеп, ұмытылмас әсер