Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 37
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларына үлкен қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында өткен аптаны 28.11-02.12 күндерін “Ұлттық қолөнерге”  арнаған болатынбыз.
02
желтоқсан
2022
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларына үлкен қоңырауды тиімді
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларына үлкен қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында өткен аптаны 28.11-02.12 күндерін “Ұлттық қолөнерге”  арнаған болатынбыз. Ол күндері оқушылар үлкен қоңырауда “Көркем еңбек” пәнінің мұғалімдерінің бақылауымен сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасады.
"ҮЗДІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-2022" номинациясымен  Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия МАРАПАТТАЛДЫ.
25
қараша
2022
"ҮЗДІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-2022" номинациясымен Шоқан Уәлиханов
      Жалпы білім беретін пәндер бойынша  оқушылардың республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінде мамандандырылған мектептер арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін "ҮЗДІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-2022" номинациясымен  Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия МАРАПАТТАЛДЫ. Гимназия ұжымын және жобалар жетекшілерінің ерен еңбегінің жемісі құтты болсын. Республикалық кезеңде оқушыларымыздың жүлделі орындар иеленуіне тілектеспіз. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзі басқару, “Адал ұрпақ”, “Жас ұлан” ұйымдары 5,6-сынып оқушыларымен “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты кітап оқу сайысын өткізді.
24
қараша
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзі басқару, “Адал ұрпақ”,
   “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзі басқару, “Адал ұрпақ”, “Жас ұлан” ұйымдары 5,6-сынып оқушыларымен “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты кітап оқу сайысын өткізді. Сайыс барысында оқушылар С.Мұратбековтың “Жусан иісі” повесін және Ә.Қалдыбаевтың “Мен апамның баласымын” шығармаларының мазмұнын айтып, өзара қойылған сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздарды анықтауға мектебіміздің кітапханашысы  А. Садуова үлес қосты. Сайыс нәтижесі бойынша  1-орын Мәлібек Інжу 6 Ә  2-орын Әбдісадық
Бүгін 8-сынып қыздарымен №1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гүлнар Мұхтаровна жоспарға сәйкес қыз балалардың өтпелі кезеңде болатын физиологиялық өзгерістері жайлы дұрыс мәлімет берді.
15
қараша
2022
Бүгін 8-сынып қыздарымен №1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы
  Бүгін 8-сынып қыздарымен №1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гүлнар Мұхтаровна жоспарға сәйкес қыз балалардың өтпелі кезеңде болатын физиологиялық өзгерістері жайлы дұрыс мәлімет берді. кездесу барысында дәрігер қыз балалардың физиологиялық жетілуі, өзгерістері, гигиеналық тазалық ұстау жайлы лекция оқяды. лекция барысында қыз балалар білмейтін сұрақтарын дәрігерге қойып, нақты жауап алды
"Алматы дарыны"орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Жыл оқушысы" байқауының қалалық кезеңін өткізді
15
қараша
2022
"Алматы дарыны"орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-11 сынып
   2022 жылдың 15 қараша күні “Алматы дарыны” орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-11-сынып оқушылары арасында республикалық “Жыл оқушысы” байқауының қалалық кезеңін өткізді.  Байқау мақсаты: оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әртүрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру. Осы байқауға мектебіміздің 7-сынып оқушысы Жирен Үміт қатысып, топ жарып 1-орынға ие болды. Республикалық кезеңге
"Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Кино-көрсетілім" кеші өтті.
27
қазан
2022
"Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына
Оқушылар мәжіліс залында “Душа” атты фильм тамашалады.  “Душа” мультфильмі - балалар үшін керемет мультфильмдердің бірі, түрлі эмоцияларға бөлейтін терең мағыналы туынды. Бұл мультфильм өмірдің әрбір сәтін бағалауға үйретеді, өмірді дәл қазір сүру керектігін ұғындырады. Одан бөлек, мақсаттарды дұрыс қоя біліп, өмірдегі приориттеріңді қайта қарастыруға ой салады. Осылайша, тоқсанның аяғы қызықты да пайдалы өтті 😊
Оқушымыз Берікбай Заңғар (7"Д") республикалық " Жібек жолы" өнер байқауынан 1-орынды иеленді.
15
қазан
2022
Оқушымыз Берікбай Заңғар (7"Д") республикалық " Жібек жолы" өнер
Оқушымыз Берікбай Заңғар (7"Д") республикалық " Жібек жолы" өнер байқауынан 1-орынды иеленді. Өнерлі оқушымызға тек шабыт пен жеңістер тілейміз!
“Құқықтық навигатор” онкүндігінің аясында “Заңды білсең, сен қорғанасың” атты Алматы қаласы Полиция Департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының заңгерлері Махмет Дастан  Асқарұлы,  Оспан Ернат Есжанұлымен кездесу өтті.
14
қазан
2022
“Құқықтық навигатор” онкүндігінің аясында “Заңды білсең, сен
    “Құқықтық навигатор” онкүндігінің аясында “Заңды білсең, сен қорғанасың” атты Алматы қаласы Полиция Департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының заңгерлері Махмет Дастан  Асқарұлы,  Оспан Ернат Есжанұлымен кездесу өтті.      Кездесу барысында заңгерлер “Бала құқығын қорғау” Конвенциясының баптармен таныстырды, және оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, заңгерлерден жауап алды.
14 қазан мектебіздің мәжіліс залында өзін-өзі басқару ұйымының Президентін салтанатты түрде рәсімдеу өтті. Президент сайлауының қортындысы бойынша 60% жинаған 10“А” сынып оқушысы Қажымұхамет Бірханым сайланды.
14
қазан
2022
14 қазан мектебіздің мәжіліс залында өзін-өзі басқару ұйымының
  14 қазан мектебіздің мәжіліс залында өзін-өзі басқару ұйымының Президентін салтанатты түрде рәсімдеу өтті. Президент сайлауының қортындысы бойынша 60% жинаған 10“А” сынып оқушысы Қажымұхамет Бірханым сайланды. Президент оқушылар алдында мектебінің намысын сақтауға, оқушыларға үлгі болуға, мектеп туын биік ұстап, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, Ата заңды бұлжытпай орындауға ант берді.
Бүгін мектебімізде “Адал ұрпақ” ұйымының ұйымдастыруымен “Адалдық дүкені” жәрмеңкесі өтті.
13
қазан
2022
Бүгін мектебімізде “Адал ұрпақ” ұйымының ұйымдастыруымен “Адалдық
    Бүгін мектебімізде “Адал ұрпақ” ұйымының ұйымдастыруымен “Адалдық дүкені” жәрмеңкесі өтті.     Мақсаты: Мектепте сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру.  "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы.  Мұнда сатылымда кеңсе тауарлары  және балаларға арналған тәтілер қойылды. Қажетті тауарды алып, ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып