27
қазан
2022
"Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Кино-көрсетілім" кеші өтті.
Оқушылар мәжіліс залында “Душа” атты фильм тамашалады. “Душа” мультфильмі - балалар үшін керемет мультфильмдердің бірі, түрлі эмоцияларға бөлейтін терең мағыналы туынды. Бұл мультфильм өмірдің әрбір сәтін бағалауға үйретеді, өмірді дәл қазір сүру керектігін ұғындырады.
Одан бөлек, мақсаттарды дұрыс қоя біліп, өмірдегі приориттеріңді қайта қарастыруға ой салады.
Осылайша, тоқсанның аяғы қызықты да пайдалы өтті 😊