Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 13
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткен «Тоғызқұмалақ федерациясы кубогіне» арналған III республикалық ашық турнирде 9 жас ұлдар арасында өткен бәсекеде Дүйсен Нұрасыл пен Елетай Ғибадат III орын иеленді
09
мамыр
2025
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткен «Тоғызқұмалақ федерациясы
Құттықтаймыз!!! Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткен «Тоғызқұмалақ федерациясы кубогіне» арналған III республикалық ашық турнирде 9 жас ұлдар арасында өткен бәсекеде Дүйсен Нұрасыл пен Елетай Ғибадат III орын иеленіп, арнайы диплом және 30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды! Бұл жеңіс – ұлттық ойынды ұлықтап, білім мен ойлау қабілетін дамытудың жарқын үлгісі! Оқушыларымызға жаңа белестер мен үздік жетістіктер тілейміз!                    
“Тыл ардагерлеріне тағзым”
08
мамыр
2025
“Тыл ардагерлеріне тағзым”
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында гимназия оқушылары тылда еңбек еткен ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан аға буынның еңбегі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, мерекелік ән-жырын арнап, шағын сыйлықтарын табыстады.  https://www.instagram.com/p/DJ1GaPasMOe/?igsh=MnR0c2RjOWVobjQz
Сейсможаттығу – қауіпсіздіктің кепілі!
30
сәуір
2025
Сейсможаттығу – қауіпсіздіктің кепілі!
30 сәуір күні гимназиямызда Алматы қаласы бойынша жоспарланған жалпы қалалық сейсможаттығу аясында оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқу орнының барлық оқушылары мен қызметкерлері дабыл сигналы берілген сәттен бастап белгіленген тәртіп бойынша қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Төтенше жағдай кезінде жылдам әрі дұрыс әрекет ету, тыныштықты сақтау, алғашқы көмек көрсету және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізілді. Мұндай жаттығулар – білім
Жеңіс жолымен – жарқын болашаққа!
30
сәуір
2025
Жеңіс жолымен – жарқын болашаққа!
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай өткен «Жас ұрпақ – Жеңіс жолымен!» атты аудандық футбол жарысында №12 гимназия командасы I орынды жеңіп алды! Бұл – тек спорттық жетістік емес, жас ұрпақтың ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі. Жеңісті күндер көп болсын!
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы қаласы оқушылары арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан жүлделі орындарға ие болды.
30
сәуір
2025
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы қаласы оқушылары арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына іріктеу турнирінде гимназиямыздың намысын қорғаған оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Елетай Бейбарыс – І орын, Дүйсен Нұрасыл – ІІ орын иеленді. Жарыс нәтижесінде екі оқушымыз да маусым айында Қостанай қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы республикалық тоғызқұмалақ чемпионатына жолдама жеңіп алды. Жас