Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Гимназиямызда 8-сынып оқушыларымен көктемнің сәні болған Наурыз мерекесі ерекше көңілмен атап өтілді!
17
сәуір
2025
Гимназиямызда 8-сынып оқушыларымен көктемнің сәні болған Наурыз
Гимназиямызда 8-сынып оқушыларымен көктемнің сәні болған Наурыз мерекесі ерекше көңілмен атап өтілді! Бұл шараның мақсаты — оқушылардың ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрге деген құрметін арттыру, рухани-мәдени тәрбиені қалыптастыру. Оқушылар ән шырқап, ұлттық ойындар ойнап, бір-біріне ақ тілектерін арнады.                   
Девиантты мінез-құлық – алдын алудың маңызы зор!
07
сәуір
2025
Девиантты мінез-құлық – алдын алудың маңызы зор!
Сәуір айы жоспарына  сәйкес гимназиямызда №1 қалалық емхананың дәрігер-психологы Өмірзақов Мирас Нұрланұлы  оқушыларымен «Девиантты мінез-құлық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.Кездесу барысында оқушыларға девиантты мінез-құлықтың себептері, салдары және оның алдын алу жолдары туралы нақты мәліметтер берілді. Жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған бұл кездесу ашық диалог форматында өтті.Салауатты сана — жарқын болашақтың кепілі!
«Гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбындағы кездесу
07
сәуір
2025
«Гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбындағы кездесу
Сәуір айының жоспарына сәйкес  гимназиямызда №1 қалалық емхананың дәрігері Бекқожа Әділет Жаманқараұлы жоғары сынып ер балаларымен  кездесіп, «Гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы, жас ерекшеліктеріне сай өзгерістер мен жыныстық тәрбиенің маңыздылығы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Оқушылар дәрігерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар өскелең
Бүгін мектебімізде ерекше кездесу өтті!
04
сәуір
2025
Бүгін мектебімізде ерекше кездесу өтті!
«Горна Егерский» батальонынан полковник Усманов Ержан Алпысбайұлы мен офицерлер келіп, оқушылармен кездесті.  Олар әскери өмірдің қызығы мен қиыншылығы, батылдық пен ерлік жайлы әсерлі әңгімелер айтып, патриоттық рухты оятты.  Сонымен қатар, әскери оқу орындарына қалай түсуге болатынын түсіндіріп, маңызды кеңестер берді.  Балалар үшін бұл кездесу үлкен шабыт пен мотивация болды.
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ!
20
наурыз
2025
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ!
Бүгін гимназиямызда  Ұлттық ойын күні ерекше көңіл-күймен өтті. Оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату, 5 тас, арқан тартыс, гір көтеру сынды қазақтың дәстүрлі ойындарына белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.  Жарыстар барысында логикалық ойлау, ептілік, күш және мергендік сынға түсті. Оқушылар командалық рухты танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.  Бұл күн барлығына  көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер қалдырды!
Домбыра – қазақтың жаны!
20
наурыз
2025
Домбыра – қазақтың жаны!
Домбыра – қазақтың жаны! Домбыра – халқымыздың қасиетті музыкалық аспабы. Оның күмбірлеген үні қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, даланың кеңдігін бейнелейді. Ұлттық болмысымызды сақтап, домбыра челленджіне қатысайық!
19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ!
19
наурыз
2025
19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ!
Бүгін – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданатын күні! Бұл ерекше күнді оқушыларымыз игі іспен атап өтті. Ағаш түптерін қопсытып, мектеп ауласын  көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған ағаш – болашақ ұрпаққа қалдырған мұрамыз!  Көктемнің шуақты күндері сізге жаңа күш-қуат, жақсылық және мол бақыт әкелсін!
Шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі  өтті
18
наурыз
2025
Шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өтті
Бүгін, гимназиямызда “Менің Отаным-менің бастамам” жобалар байқауының “Отаным – қасиетті туған жерім” номинациясы бойынша байқау өтті!  Байқауға Медеу ауданына қарасты білім ордаларының дарынды оқушылары қатысты. Оқушылар өз бастамаларын ұсынып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.  Жеңіске жету – тек бастамасы, ең бастысы – еліміздің өркендеуіне үлес қосу!
17 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні!
17
наурыз
2025
17 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні!
Мәдениет және салт-дәстүр күні аясында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері  Нұрғали Нүсіпжанов гимназия оқушылармен Д. Қонаев мұражайында  жүздесті. Шара барысында өнер майталманы  ұлттық мәдениет, дәстүрлі ән өнері және жастардың өнерге қызығушылығы жайлы ой бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жылы жүздесу тағылымды әңгімелер мен естеліктерге толы болды. Оқушылар аңыз әншінің өнер жолындағы тәжірибесінен үлгі алып,
“Амал келді-Жыл келді”
13
наурыз
2025
“Амал келді-Жыл келді”
Бүгін гимназиямызда ерекше кездесу өтті! «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» зейнеткерлері мен ардагерлері Көрісу күніне орай мектебімізге қонаққа келді.  Қадірменді қарияларымыз бұл күннің маңыздылығы туралы айтып, жүрекке жылы естеліктерімен бөлісті. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән мен күйге толы тамаша кеш сыйлады.  Бұл күн – үлкен мен кішінің арасындағы сыйластық пен бірліктің айғағы. Ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болған мерекелік кездесулеріміз көп болсын!