Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектебіме, саған мың алғыс!»
24
мамыр
2025
«Мектебіме, саған мың алғыс!»
Бүгін гимназия қабырғасында «Мектебім, саған мың алғыс» соңғы қоңырау салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн – әр түлек үшін мектеппен қоштасар, балалық шақпен қош айтысар ерекше сәт. Шара барысында түлектер жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ұстаздарға алғыс айтып, жастық шаққа толы естеліктерімен бөлісті. Ән мен би, шынайы тілектер мен қоңырау үні бұл күннің басты әуеніне айналды.Құрметті ұстаздар! Сіздерге берген біліміңіз бен төккен теріңіз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Қымбатты
«Мектебіме, саған мың алғыс!»
24
мамыр
2025
«Мектебіме, саған мың алғыс!»
Бүгін гимназия қабырғасында «Мектебім, саған мың алғыс» соңғы қоңырау салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн – әр түлек үшін мектеппен қоштасар, балалық шақпен қош айтысар ерекше сәт. Шара барысында түлектер жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ұстаздарға алғыс айтып, жастық шаққа толы естеліктерімен бөлісті. Ән мен би, шынайы тілектер мен қоңырау үні бұл күннің басты әуеніне айналды. Құрметті ұстаздар! Сіздерге берген біліміңіз бен төккен теріңіз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Қымбатты
“Білімім – Отаныма” сынып сағаты
23
мамыр
2025
“Білімім – Отаныма” сынып сағаты
Оқу жылының соңғы күні оқушылар үшін мазмұнды тәрбие сабағымен қорытындыланды. Сынып сағатында білімнің маңызы, елге адал қызмет ету, Отанға деген сүйіспеншілік жайлы терең ой қозғалды. Жетістікке жеткен шәкірттер марапатталып, жылы лебіздерге бөленді. Білім – ел болашағына салынған жол!                    ​ https://www.instagram.com/reel/DJ_ZkD-thEq/?igsh=MXM3b3VrcThzdXc2YQ==
“Білімім – Отаныма” сынып сағаты.
23
мамыр
2025
“Білімім – Отаныма” сынып сағаты.
Бүгінгі сынып сағатында оқушылар білімнің қадірін ұғынып, Отан алдындағы жауапкершілік туралы терең ой қозғады. Елге қызмет ету – әр білімді ұрпақтың басты міндеті екені айтылды.Білім – болашаққа бастар жол, ал, сол жол – туған елге апарар асыл бағыт!                     ​ https://www.instagram.com/reel/DJ_dPcINZhc/?igsh=MXRpaTQ4Yjl0bHBlYw==
Гимназиямызда 5-сынып оқушылары арасында “Бала жүрегі – отбасы әлемі” атты сурет байқауы өтті.
21
мамыр
2025
Гимназиямызда 5-сынып оқушылары арасында “Бала жүрегі – отбасы әлемі”
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бала жүрегіндегі отбасыға деген махаббатты бейнелеу. Байқауға қатысқан оқушылар түрлі техникада салынған әсерлі суреттер арқылы өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін, жылулық пен бірлікті шебер көрсете білді. ​https://www.instagram.com/reel/DJ6lo4TtnvI/?igsh=MTQwMXV2MDJueWdmcw==
“Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі”
20
мамыр
2025
“Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі”
Қалалық №32 кітапханамен бірлесіп, теолог, исламтанушы Ермек Жамбылұлы Көкірекбаевтың қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіру, жастардың санасына ұлттық рух пен рухани иммунитет қалыптастыру, теріс ағымдарға жол бермеудің жолдарын көрсету. Кездесу барысында оқушыларға діни сауаттылықтың маңызы, жалған діни ағымдардан сақтану жолдары жайлы ақпарат беріліп, мазмұнды әңгіме өрбіді.
Денсаулық — баға жетпес байлық. Ал спорт — сол байлықты сақтаудың ең тиімді жолы.
14
мамыр
2025
Денсаулық — баға жетпес байлық. Ал спорт — сол байлықты сақтаудың ең
Күнделікті қозғалыс, дене жаттығулары, белсенді өмір салты — тек дене саулығын емес рухани тепе-теңдікті де сақтайды. ✅ Жүрек пен тыныс алу жүйесін жақсартады  ✅ Иммунитетті күшейтеді  ✅ Стрессті азайтады  ✅ Өз-өзіне сенімділік береді 🌿 Бүгін жасаған кішкентай қадам – ертеңгі үлкен жеңіс!  Осыған орай  Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында «Спорт — адам денсаулығының маңызы» тақырыбында сабақ өткізілді. ​https://www.instagram.com/reel/DJoU0R3sHpg/?igsh=MXhyZGxqNndhcDZnZw==
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік сабағы” өткізілді.
25
сәуір
2025
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік сабағы” өткізілді. Шара барысында оқушылар соғыс жылдарындағы ерліктер туралы тың деректермен танысып, батырлардың рухына тағзым етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті сезінді. Сабақ оқушылардың патриоттық сезімдерін арттырып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге ықпал етті.                      ​https://www.instagram.com/reel/DI-z5a4N4zW/?igsh=MXNxY3JvNzJmam1wMQ==
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында тағзым рәсімі өтті.
25
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында тағзым рәсімі өтті. Гимназия оқушылары тарихтың алтын әріптерімен жазылған ерлікке құрмет көрсетіп, мәңгілік алау алдында тағзым етті. Ерлік пен елдік ұғымының асқақ үлгісіне айналған панфиловшылардың рухына бас иіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл тағзым — батыр бабалар аманатына адалдықтың белгісі, мәңгілік ел мұратына жасалған серт.                  
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сынып оқушылары 28 панфиловшылар саябағына барып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетті
23
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сынып оқушылары 28 панфиловшылар
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сынып оқушылары 28 панфиловшылар саябағына барып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетті. Бұл тағылымды шара — оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеріп, тарихты тереңірек тануға, елін қорғаған ерлердің ерлігін мәңгі есте сақтауға бағытталды. Жас ұрпақтың батыр бабалар рухына тағзым етуі — бейбіт күннің бағасын ұғынудың көрінісі.