Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қалалық Наркологиялық Диспансердің Бас дәрігері Трубникова А. А және Алматы қаласы Полиция Департаментінің Нашақорлыққа қарсы күрес Басқармасының майоры Досболава С.А келіп “Электрондық темекінің зияны” туралы дәріс өткізді.
07
ақпан
2023

Қалалық Наркологиялық Диспансердің Бас дәрігері Трубникова А. А және Алматы қаласы Полиция Департаментінің Нашақорлыққа қарсы күрес Басқармасының майоры Досболава С.А келіп “Электрондық темекінің зияны” туралы дәріс өткізді.

     Нашақорлық - қоғам дерті ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген, шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.
    Жастар арасында кеңінен таралып, қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған электрондық темекінің қаншалықты зиян екені көпшілікке мәлім болса да, оны қолдануларын әлі де тоқтата қоймады. Қоғам жастары есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде электрондық темекіні күнделікті өмірде кеңінен пайдалануда. Ғалымдардың пайымдауынша, электронды темекі кәдімгі темекіге қарағанда зияндылығы тұрғысынан аздау. Бұл әсер көміртегі тотығы токсиндерінің, шайырдың және басқа да қосымша қоспалардың болмауына байланысты. Сонымен қатар, кәдімгі темекі түтіні мен электронды темекі түтінін салыстырар болсақ, оның айналадағы жұтушыларына да салыстырмалы түрде азырақ зияндық етеді екен.
    Нашақорлықтың алдын алу жоспары аясында бүгін мектебімізге Қалалық Наркологиялық Диспансердің Бас дәрігері Трубникова А. А және Алматы қаласы Полиция Департаментінің Нашақорлыққа қарсы күрес Басқармасының майоры Досболава С.А келіп “Электрондық темекінің зияны” туралы дәріс өткізді. Оқушылармен кері байланыс жасай отыра, барлық сұрақтарға жауап берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: