02
ақпан
2023
10-сынып қыздарымен "Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Осыған орай, гимназиямыздың ДТІО Жетпісбаева Л.У. ұйымдастыруымен гимназиямыздың 10-сынып қыздарымен "Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста 1-қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Г.М. ерте жүктілік және оның зиян жақтары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, гимназия педагог-психологтары Наурызбаева А.Д. және Өсерханова Т.И. мектеп жасындағы қыз балалардың тәрбиесі, қәзіргі таңдағы қыздардың тәрбиесіне әлеуметтік желілердің әсері, буллинг, кибербуллинг туралы ақпараттар берді, қыздар арасындағы достықты нығайту мақсатында топтық тренинг жүргізді. 10"А" сынып оқушысы Ермек Дана қыздар қауымына "Мені шабыттандыратын танымал әйел тұлғалары" тақырыбында үлгі боларлық, қоғамда өз орындарын тапқан әйел адамдардың өмірбаяндарынан ақпарат берді. ДТІО Жетпіспаева Л.У. сөз соңын қорытындылап, қыздар қауымына өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.
