08
қараша
2022
"Буллинг, кибербуллинг және интернетке тәуелділік" тақырыбында гимназиямыздың педагог-психологтары Өсерханова Т.И., Наурызбаева А.Д. 6 және 7 сынып оқушылардың арасындағы интернетті пайдаланудың мүмкіндіктері мен зиянды жақтары туралы ақпарат берді
Бүгінгі таңда маңызға ие болып, қоғам мәселесіне айналған "Буллинг, кибербуллинг және интернетке тәуелділік" тақырыбында гимназиямыздың педагог-психологтары Өсерханова Т.И., Наурызбаева А.Д. 6 және 7 сынып оқушылардың арасындағы интернетті пайдаланудың мүмкіндіктері мен зиянды жақтары туралы ақпарат беру, зорлық – зомбылықтың виртуалды түрі буллинг және кибербуллинг туралы ақпарат беру семинары болып өтті. 6 және 7 сынып оқушылары арасында зорлық күш көрсетушіліктің таралуы деңгейі мен зорлық – зомбылықтың алдын – алу мақсатында жүргізілген ақпараттық семинар бойынша, зорлық – зомбылыққа қатысты жағдайлардың таралу деңгейі туралы гимназия оқушыларына тың, өзекті ақпараттар беріліп өтті. Сонымен қатар оқушыларға шынайы және виртуалды әлемде зорлық – зомбылықтың куәсі болған жағдайда қандай іс – әрекет танытуы керектігі туралы ақпарат берілді.

