25
қараша
2022
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика, информатика мамандығының студенттері педагогикалық практикадан өтіп жатқан Алматы қаласының №12 мамандандырылған гимназиясында «Ұстаз – қоғам көсбасшысы» тақырыбының аясында
Бүгін Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика, информатика мамандығының студенттері өздері педагогикалық практикадан өтіп жатқан Алматы қаласының №12 мамандандырылған гимназиясында «Ұстаз – қоғам көсбасшысы» тақырыбының аясында өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетті. «Сандық, сапалық мәліметтерге мәтіндік есептер шығару» тақырыбында математика, физика, информатика пәндерінен алған білімдерін бір арнаға тоғыстыру мақсатында, берілген есептерді оқушыларды үш топқа бөліп, сайыс сабақ өткізді. Бұл сабақтың ерекшелігі әр топқа берілген есептерді шығару және Python программалау тілінде программалауға тапсырмалар берілді. Бір сабақ аясында үш пәннен алған білімдерін шыңдады. Оқушылар сұрақтарға жарыса жауап беріп, сабаққа белсене қатысты.
Мұндай пәнаралық байланыс қамтылған кіріктірілген сабақтар оқушының функционалдық сауаттылықтарын, жалпы құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай сабақтар оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімі мен дағдысын пайдалануға үйретеді.
Сабаққа университетіміздің «Мансап» орталығының педагогикалық практика жауапты маманы Мақұлбек Ақбота Талғатқызы, «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі Ошанова Нұржамал Тұрашқызы, аға оқытушылар Сәлғожа Индира Тойшыбекқызы, Құрманғалиева Нұргүл, «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Капарова Рымкул Мукатаевна, Шойынбаева Гульнар Тоқтанайқызы, Ардабаева Алмагуль Кайрбаевна, Жанбекова Гульнур Ибадуллаевна, психология кафедрасынан Тукебаева Саулет Аманжоловна, №12 математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері Казахбаева Бати Ильгерибасовна, Акмешева Қайниса Байгадилевна, Иманбаев Мұхтар Илиясович.