4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты
Осы мерекеге орай мектебімізде оқушылар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі. Әрбір жұмыс ел рәміздеріне деген құрмет пен патриоттық сезімді айқын көрсетті. Жас суретшілеріміздің еңбектеріне сәттілік тілеп, Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!