Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 04.06.2025
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні!
04
маусым
2025
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні!
Бұл күн – халқымыздың бірлігін, тәуелсіз елдің тұғырын айқындайтын қасиетті күн. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – әр азаматтың жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншілікті, елге деген құрметті білдіретін ұлы нышандар. Олар – біздің өткеніміздің айғағы, болашағымыздың темірқазығы! Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз! ​ https://www.instagram.com/reel/DKeDlQJt7up/?igsh=MW41cnB5NXg3a2JjNw==
«Менің туым – менің мақтанышым» «Әнұран – ұлт рухының үні»
04
маусым
2025
«Менің туым – менің мақтанышым» «Әнұран – ұлт рухының үні»
Жазғы демалыс лагерінде тынығып жатқан жас жеткіншектер 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық рухты дәріптейтін іс-шараларға белсенді қатысты. Таңертеңгі сап түзеу барысында лагерь алаңында Мемлекеттік Әнұран орындалып, балалар тік тұрып құрмет көрсетті. Осы сәт – олардың жүрегіне рух, жанарына сенім сыйлады. Өйткені «Әнұран – ұлт рухының үні». Жазғы лагерьдегі әрбір күн – тек ойын-сауық емес, елін сүйетін, рәміздерін құрметтейтін азаматты тәрбиелеудің бір қадамы.