Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2025 года » Страница 2
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік сабағы” өткізілді.
25
сәуір
2025
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік сабағы” өткізілді. Шара барысында оқушылар соғыс жылдарындағы ерліктер туралы тың деректермен танысып, батырлардың рухына тағзым етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті сезінді. Сабақ оқушылардың патриоттық сезімдерін арттырып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге ықпал етті.                      ​https://www.instagram.com/reel/DI-z5a4N4zW/?igsh=MXNxY3JvNzJmam1wMQ==
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында тағзым рәсімі өтті.
25
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында тағзым рәсімі өтті. Гимназия оқушылары тарихтың алтын әріптерімен жазылған ерлікке құрмет көрсетіп, мәңгілік алау алдында тағзым етті. Ерлік пен елдік ұғымының асқақ үлгісіне айналған панфиловшылардың рухына бас иіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл тағзым — батыр бабалар аманатына адалдықтың белгісі, мәңгілік ел мұратына жасалған серт.                  
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сынып оқушылары 28 панфиловшылар саябағына барып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетті
23
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сынып оқушылары 28 панфиловшылар
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 10-сынып оқушылары 28 панфиловшылар саябағына барып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетті. Бұл тағылымды шара — оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеріп, тарихты тереңірек тануға, елін қорғаған ерлердің ерлігін мәңгі есте сақтауға бағытталды. Жас ұрпақтың батыр бабалар рухына тағзым етуі — бейбіт күннің бағасын ұғынудың көрінісі.                     
Республикалық “Әбіш оқуы” байқауының қалалық кезеңінде “Шығармашылық жұмыс” бағыты бойынша 11”ә”сынып оқушысы Байжұманова Айым 2-орын алды
23
сәуір
2025
Республикалық “Әбіш оқуы” байқауының қалалық кезеңінде “Шығармашылық
Республикалық “Әбіш оқуы” байқауының қалалық кезеңінде “Шығармашылық жұмыс” бағыты бойынша 11”ә”сынып оқушысы Байжұманова Айым 2-орын алды. @edu.almaty @gani.beisembayev @sairan.saifedenov @mnurymbetov @oqu_agartu_ministrligi @birtutas_tarbie2024 @akimat_medeu @akimat_almaty                      https://www.instagram.com/reel/DIyQSkRtJdZ/?igsh=cnc1ZThqaHFpMHR1
Ұлттық кітап күні аясындағы үлкен жеңіс!
23
сәуір
2025
Ұлттық кітап күні аясындағы үлкен жеңіс!
Қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық байқауында Алтаева Кәмилә жүлделі ІІ орын иеленіп, 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен құнды кітаптар жинағын жеңіп алды! Жас қаламгерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әдебиетке деген сүйіспеншілігің мен шығармашылығың қашанда биіктен көріне берсін! https://www.instagram.com/reel/DIyu7nDt-l0/?igsh=MXFmcDM1dm95OWsydQ==
Гимназиямызда “Күй күмбірі” – ұлттық сазға толы ерекше сәт!
23
сәуір
2025
Гимназиямызда “Күй күмбірі” – ұлттық сазға толы ерекше сәт!
Гимназиямызда “Күй күмбірі” – ұлттық сазға толы ерекше сәт! Оқушылар қоңырау уақытында күй әуенімен рухтанып, демалыс сәттерін көңілді әрі мағыналы өткізді. Ұлттық өнерді дәріптеу – өскелең ұрпақтың рухани қалыптасуының бастауы!