Батылдық пен өжеттік – ел рухының айғағы!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебімізде өскелең ұрпақтың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік пен ел үшін жан аямай күрескен ерлерге тағзым ету сезімін ұялату мақсатында «Батылдық пен өжеттік»тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар майдан даласындағы ер жүрек батырлардың өмірі мен ерліктері жайлы тың деректермен танысып, бейбіт күннің қадірін терең сезінді. Кеш барысында өлеңдер оқылып, көріністер қойылып, естелік әңгімелер айтылды.