9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте
Бүгін 9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте өткен кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып, болашақ мамандықтарымен жақынырақ танысты. Заманауи зертханалар мен технологиялық орталықтарын тамашалады. Бұл шара оқушыларымыздың кәсіби бағдарларын анықтауға, дұрыс шешім қабылдауға үлкен үлес қосты деп сенеміз. Оқушыларымыздың болашағына жол ашатын жаңа мүмкіндіктер көп болсын!