Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жарты ғасырлық сағыныш пен мақтаныш!
26
мамыр
2026

Жарты ғасырлық сағыныш пен мақтаныш!

   

        Арада 50 жыл салып, 1976 жылғы мектеп бітірген ардақты түлектер өздерінің алтын ұя —  «Ақ кеме» білім ордасына арнайы келіп, ерекше құрметтерін көрсетті. Жарты ғасыр уақыт өтсе де, олардың қара шаңыраққа деген сағыныштары мен ыстық ықыластары еш өшпеген. Шәкірттерінің бойына бар махаббаты мен білімін аямаған ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Оқу ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі әрі осы түлектердің сынып жетекшісі Нұғманова Дәмелі апайымызға және ел дамуына үлес қосып, мектеп мақтанышына айналған аяулы аға-апайларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

    Бүгінде әр салада еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген бұл абыройлы азаматтардың өмір жолы — кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі. Алтын ұя мектебінің мәртебесін асқақтатып, есімін биіктеткен ардақты аға-апайлардың бұл қадамы ұрпақтар сабақтастығын жалғап, өткенге құрмет пен болашаққа зор сенім сыйлады. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Достықтарыңыз берік, кездесулеріңіз жиі, ғұмырларыңыз ұзақ, баянды болсын!


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: