25
қараша
2022
Жаратылыстану - ғылыми пәндер кафедрасының "Білімді ұрпақ- жарқын болашақ" атты онкүндігі қорытындыланып, физика, география, биология, химия пәндерінің авторларымен кездесу іс шарасы өтті.
25 қараша мәжіліс залында жаратылыстану - ғылыми пәндер кафедрасының Білімді ұрпақ- жарқын болашақ атты онкүндігі қорытындыланып, физика, география, биология, химия пәндерінің авторларымен кездесу іс шарасы өтті.
Іс шараның мақсаты: Еліміздің болашағын жан-жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелерінің ой-өрісін дамыту,танымдық қабілеттерін арттыру, сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу болып табылды.
1. Іс шараға ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ химия ғылымдарының кандидаты,
2. педагог-шебер Оспанова Мейрамкүл Қабылбековна және
3. 200-ден аса ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы. Оның ішінде мектеп оқулықтары мен студенттерге арналған көптеген оқулықтардың авторы. Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері Абилмажинова Салтанат Абилмажиновна, сонымен қатар
4. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Жаратылыстану география институтында аға оқытушысы, биолог- методист. Университеттің кәсіптік мамандар даярлауға сіңген еңбегі үшін «Ұздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталған Қалыбаева Әлия Мақсұтқызы шақыртылды.
Құрметті қонақтарымыз оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріп, оқушылармен ғылымның қиын тұстарымен бөлісіп, кітап жазудағы үлкен жұмыстың қиындықтары мен қызықтарымен бөлісті. Құрметті қонақтар үздік оқушыларымызды марапаттап, оқушыларға сәттілік тіледі.
Іс шара барысында жаратылыстану - ғылыми пәндер кафедрасының бірлестік жетекшісі Айгуль Мырзановна, 10 күндікте өткізілген ашық сабақтарды қорытындылады. Жарқын болашақты білімді ұрпақ қалыптастыратынын және осы қиындығы мен қызығы көп жұмыста шебер ұстаздар үлкен жұмыс атқаратынын басып айтты.
Іс шараны қортындылау мақсатында Шоқан Уалиханов атындағы № 12 мамандандырылған мектеп гимназиясының директоры Жанат Садуовнаға сөз кезегі берілді. Жанат Садуовна келген қонақтарға өзінің мың алғысын білдіріп, мектептің тарихы және мектепте өз іздерін қалдырған тұлғаларды айтып кетті. Болашақ ұрпақты қалыптастыруда үш жақты қызметтің маңыздылығы қозғалды. Іш шарада ән мен күй ойнатылып, оқушылар мен қонақтарға жақсы көңіл – күй сыйлады.