01
желтоқсан
2025
Бүгін гимназиямызда қоғамдық пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты “Тарих. Тұлға.Тағылым» атты тақырыпта Алаш қайраткері М.Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналды.
Бүгін гимназиямызда қоғамдық пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты “Тарих. Тұлға.Тағылым» атты тақырыпта Алаш қайраткері М.Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналды. Мақсаты Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын терең таныту, оның ағартушылық, әдебиеттегі, саясаттағы рөлін ашу болып табылады. 10 сынып оқушыларының қатысуымен М.Дулатұлының өмірдерегі айтылып, өлеңдері оқылып, сахналық көрініс көрсетілді, “Оян, қазақ!”, “Бақытсыз Жамал” сияқты еңбектеріндегі ұлттық идеялары түсіндірілді. Оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық рухты көтеруде, Алаш арыстарының ел тәуелсіздігі жолындағы күресін көрсетуде бұндай іс-шараны жас ұрпаққа берері мол.