10
қазан
2022
"Ұлттық құндылықтар сабақта" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі басталды.
Мектебімізде "Ұлттық құндылықтар сабақта" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі басталды. Бүгін "Адамдық диқаншысы" тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Шара барысында Алаш зиялыларының көсемі, қазақтың тұңғыш тілтанушы ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығынан өлеңдер оқылып, мысалдарынан көрініс қойылып, жігерлі әндер шырқалды.