Жетістіктеріміз » Страница 6 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы"
29
сәуір
2021
Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен "ХХІ
Алматы қаласы Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен "ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбында өткен ІІІ қалалық педагогикалық оқуларында Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының тарих пәні мұғалімі Абдашимов Дидар Куанышұлы І орынды иеленді. Құттықтаймыз!  
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді
22
қазан
2020
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми -практикалық орталығының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Абай оқуларына" гимназиямыздың дарынды оқушысы Әбілғазы Шәкәрім қатысып, "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәмзагүл Болатбекқызы.
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс!
09
қазан
2020
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс!
Гимназиямыздағы білімі мен білігі жоғары ұстаздарымыздың бірі бастауыш сынып мұғалімі Абдрашова Айнұр Қожанқызы қазіргі қашықтан оқытуға байланысты министрліктің қолдауымен бастауыш сынып оқушыларына оның ішінде 2-сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша TV сабақтарды түсірген болатын. Жалпы сабақтар республика бойынша "Balapan" телеарнасынан жүргізіліп жатыр. Оқушылардың білімі үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін шығармашыл ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!  
"Цифрлы ғасыр педагогы" байқауы
08
қазан
2020
"Цифрлы ғасыр педагогы" байқауы
Алматы қалалық "ҰСТАЗ" жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "Цифрлы ғасыр педагогы" байқауына гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сайлаухан Абылай Беркінұлы қатысып, Гран-При иегері атанды. Жалпы қала бойынша өздерінің білім,білік дағдылары мен қатар жаңа технологияларды жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаздарымыздың сабақтарын, республика көлемінде ата-ана, оқушылар мен ұстаздар көріп бағасын берді. Әр ұстаздың тиімді әдістері мен ұтымды