Жетістіктеріміз » Страница 5 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
•Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Нұр - Сұлтан қаласында 14 облыс және Республикалық маңызы бар 3 қала қатысқан мектеп оқушылары арасындағы ұлттық пікір
02
желтоқсан
2021
•Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Нұр - Сұлтан қаласында 14 облыс және Республикалық маңызы бар 3 қала қатысқан мектеп оқушылары арасындағы ұлттық пікірсайыс турниріне қатысып, Алматы намысын қорғаған №12 гимназия оқушылары Нұрлан Сұлтан мен Бақытжан Тамерлан жүлделі 2 орын иегері атанды.
Алматыда 10-12 жас аралығында өткен Республикалық “Jump rope” чемпионатының Федерация кубогы
09
қараша
2021
Алматыда 10-12 жас аралығында өткен Республикалық “Jump rope”
Алматыда 10-12 жас аралығында өткен Республикалық “Jump rope” чемпионатының Федерация кубогына гимназиямыздың оқушысы Парімбай Айару қатысып, Дисциплина SROC “Открытый крест” номинациясынан жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі Сержанов Аслан Сержанович пен жеңімпаз оқушымызды гимназиямыздың атынан құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "ПАТРИОТТЫҚ РУХ- БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ", "Жаса,Қазақстан!" атты патриоттық әндер байқауы өтті.
05
қараша
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "ПАТРИОТТЫҚ РУХ- БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ", "Жаса,Қазақстан!" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Гимназиямыздың “Үміт” ансамблі дәстүрлі ән номинациясынан І орынға ие болды. Ал 11 “В” сынып оқушысы-Шарипов Мирас күй орындап, өз өнерін көрсетті. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
«Алматы-ару қала!» атты өнер байқауы аяқталды.
28
қыркүйек
2021
«Алматы-ару қала!» атты өнер байқауы аяқталды.
«Алматы-ару қала!» атты өнер байқауы аяқталды. «Алматы қаласында мен туылдым, өстім. Бұл қала мен үшін үлкен ғимараттарымен, әсем тауларымен, табиғатымен ерекшеленеді. Жұмысымды жасаған сәтте өте керемет сезімде болдым. Себебі қаланың әрбір көшесі маған ыстық болып көрінеді. Алтын ұя мектебім Алматының ортасында орналасқан. Мектебімді мен жақсы көремін, қадірлеймін. Ұстаздарымыз күн сайын біздің білімімізге бір үлесін қосып, бар күшін салып жатыр. Әртүрлі бағытта конкурстарға, олимпиадаларға,
«Елбасы медалі» – бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамыту бағдарламасы.
23
қыркүйек
2021
«Елбасы медалі» – бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамыту
«Елбасы медалі» – бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамыту бағдарламасы. «Елбасы медалі» бағдарламасы балалар мен жастарды қолдау және ынталандыру жүйесі болып табылады. Әрбір жас әрі мақсатқа ұмтылған қазақстандық “Елбасы медалінің” иегері бола алады «Елбасы медалі» – Елбасының бақылауымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған "Тұлға болам" кітап оқу сайысының нәтижесі шығып, жеңімпаздары марапатталды.
15
қыркүйек
2021
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған "Тұлға болам" кітап оқу сайысының нәтижесі шығып, жеңімпаздары марапатталды. Оқылатын кітаптар ретінде қазақ классиктері мен әлем классиктерінің туындылары берілді. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітап оқуға тиіс болды. Әр кезеңнін соңында кітап бойынша онлайн тест алынды. Ұйымдастырушылар сайыс арқылы жастарды кітап оқуға құлшындыру, жалпы елде кітап оқу дағдысын жандандыруды көздеген. Сайысқа барлығы 50 мың
Республикалық олимпиада
19
мамыр
2021
Республикалық олимпиада
19.05.2021 жылы “Орыс тілі мен әдебиетінен” Республикалық олимпиада ойдағыдай аяқталып, “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озатын” сайыста биік белестерді бағындырған талантты оқушыларды марапаттау салтанаты Алматы қалалық Оқушылар сарайында болып өтті. Республикалық олимпиадада Алматы қаласы көрсеткіші бойыншы бірінші орынға ие болды. Бұл тек оқушылардың ғана емес оларды дайындаған мұғалімдердің де еңбегі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қайрат Ізбасарұлы гимназиямыздың
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан “Алтын доп лигасы” өз мәресіне жетті.
15
мамыр
2021
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында
Орал қаласында Республикалық деңгейде 7-8 сыныптар арасында баскетболдан “Алтын доп лигасы” өз мәресіне жетті. Гимназиямыздың шәкірттері бұл дода өз өнерлерін көрсетіп, Республика чемпионы атанды. Команда жетекшісі Иманбеков Данияр Болатханұлын және оның шәкірттерін қол жеткізген үлкен жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жетуіне тілек білдіреміз!
“Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті. “Қайрат” клубы жүлделі бірінші орынды иеленді
12
мамыр
2021
“Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті.
“Спорт-денсаулық кепілі” демекші гимназиямыздың 5”Д” сынып оқушысы Талғат Бекарыс футболдан жасөспірімдер арасында өткен “Көктем” кубогына қатысып, “Қайрат” футбол клубында өнер көрсетті. “Қайрат” клубы жүлделі бірінші орынды иеленіп, шәкіртіміз Бекарыс “Ең үздік қорғаушы” атанды. Алдағы уақытта жеңістерің көп болсын!
"Үздік педагог -2021"
06
мамыр
2021
"Үздік педагог -2021"
Медеу ауданы білім беру  мекемелерінің ұстаздары арасында "Үздік педагог-2021"байқауы өтті . Аудандық байқаудан гимназиямыздың химия және биология пәнінің мұғалімі Паримбекова Айгүл Мырзанқызы қалалық кезеңге жолдама алды. Білімді де  білікті ұстазымызға қалалық додадан топ жарып шығуға тілек білдіреміз!