Алматыда педагогтардың тамыз кеңесі өтті » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда педагогтардың тамыз кеңесі өтті
25
тамыз
2023

Алматыда педагогтардың тамыз кеңесі өтті

Бүгін еліміздің педагогтары мен шетелдік сарапшылар балалардың білімі, денсаулығы мен өмір сүру деңгейін талқылады. Алматыда «Әділетті  Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

Форумға республиканың түкпір-түкпірінен 2900 білім беру қызметкері жиналды. Жиында білім беру саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен педагогтар тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті, күнделікті жұмыста кездесетін жетістіктер мен қиындықтар туралы айтты.

Сарапшылардың баяндамаларында балалардың әл-ауқат индексін пайдаланудың алғашқы нәтижесі ұсынылды, өмірінің түрлі саласында балалардың әл-ауқатының анықталған мәселелері көрсетілді, оларды жақсарту үшін шешімдер ұсынылды.

💬 «Бүгін баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар ұсынылды. Іс-шара жаңа оқу жылы қарсаңында даму мәселелері мен перспективалады анықтауға көмектеседі», - деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

 





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: