Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 2021-2022 оқу жылында алғашқы қоңырау соғылды » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 2021-2022 оқу жылында алғашқы қоңырау соғылды
01
қыркүйек
2021

Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 2021-2022 оқу жылында алғашқы қоңырау соғылды

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек күні Алматы қаласының 287 мектебінде жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына арналған 30 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары үшін салтанатты шаралар өтті. 
Білім күні оларға Әліппе мен Букварь  табыс етілді, ал бастауыш,орта және жоғары сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тақырыптық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Мереке аясында қаладағы 8 ауданында орналасқан мектептерінде Алматы қаласының әкімі  Б.Ә.Сағынтаев,Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығы арнайы барып,оқушылар мен мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдай  жасау мақсатында қажетті санитарлық және ұйымдастыру  шаралары қабылданып,білім беру саласының қызметкерлерін вакциналау жұмысы жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: