№12 мектеп жайында ұлы тұлғалардың берген бағасы » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №12 мектеп жайында ұлы тұлғалардың берген бағасы
22
мамыр
2023

№12 мектеп жайында ұлы тұлғалардың берген бағасы

  1.      Қазақстанның болашағын осы балалар жасайды. 

                                               Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, 1935 ж. кездесуде.

  1.      Дипломатиялық қызметпен айналысқысы келетін түлектерге айтарым ұлы философтардың еңбектерін тереңірек оқыңдар.                                                                                                                       

                                         Темірбек Жүргенов, 1937ж. мектеп бітіру кешінде.

  1.      Сендерге арналған кітабым келесі жылы жарыққа шығады. Сендер ана тілінде сөйлесін деп осы кітапты жаздым.

                                     Ақын Сәкен Сейфуллин, 1937ж. мектеп үйірмесінің мүшелерімен кездесуде.

  1. Бүгінгі қыздар – болашақ ана, адамзаттың ардақтысы, дүниенің тұтқасы

                                           Жазушы Сәбит Мұқанов, 1939 ж. кездесуде.

  1.      Шіркін, балалық шақ қандай тамаша еді, мектепке бір келіп кетсең, бұлаққа түсіп шыққан балапандай боласың...

...в раннем детстве до поступления в русскую школу я был воспитанником старомодного мусульманского медресе. Поэтому я не прошел в своей юности нормальной светской казахской школы. 

                          Мұхтар Әуезов, 1956 ж. мектеп оқушыларымен кездесуден кейін  «Казахстанская правда» 

                          газетіне берген мақаласынан.

  1.      Күні кешеге дейін астанадағы №12 қазақ мектебі білім теңізінде жалғыз жүзген кемедей еді. Енді қазақ мектебінің қатары көбейген тұста да байырғы оқу орны солардың керуенін бастар ту ұстаушысы, білім айдынындағы желкендісі бола бергей. 

                                    Әбіш Кекілбаев, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, 1994 ж. кездесуде.

  1. Қазақстанның оқу-ағартуында өзіндік орны бар №12 қазақ мектебінің ұжымына табыс тілеймін.

                                   Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, 2010 ж. кездесуде.

  1. Мен бұл мектепте бұрын да бірнеше рет болғанмын. Бүгінде осында болып, жас түлекпен және олардың өнегелі, ұлы ұстаздарымен кездескеніме қуаныштымын. Ұстаздар аман, балалар бақытты болсын

                                 Ұлы Отан соғысының майдангері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, 

                                 2010 ж. кездесуде.

  1. Анамыз бен ұлымыз оқыған қасиетті қара шаңырақтың түлектері болашақта еліне ес болатын, халқына қамқор болатын жастар болса екен деп тілеймін. Батыр бабалардың биік рухы, қасиетті аруағы қолдап, қоршап жүрсе екен деп ниеттенемін

                                                Жазушы Зейнеп Ахметова, 2010 ж. кездесуде.

  1.        Бұл мектеп - еліміздегі көп жылғы даңқты тарихы бар, мыңдаған шәкірттердің жүрегіне білім нәрін құйып, тәрбиелеген беделді білім ұяларының бірі.                   

                                                  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 2005 ж. кездесуде.



  1.       Біз театрға баруды әдетімізге айналдырдық. Музыкалық театр біздің мектептің балаларына арнап он шақты билет қалдырып қоятын. Өйткені муз.театр әншісі, қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітова біздің мектептің түлегі еді.

                                                    Сираж Исмағұлов, 1937 жылғы түлек, естелік кітабынан.

  1.  Ұлтымызды өрге сүйрейтін тарихи тұлғалар №12 мектептен әлі де шығады.

                                      Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, 2014 ж. кездесуде.

  1.        №12 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп - ұлттық мүдде биігінен көрінетін білім ошағы. 

                                    Қазақ ақыны, жазушы Мұхтар Шаханов, 2016 ж. кездесуде.

  1. Мектеп ұжымына үлкен жеңістер тілеймін

                                  Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, 2017 ж. кездесуде. 

  1. Гимназия әкімшілігі мен ұстаздарына бала тәрбиесіндегі адал еңбектері үшін үлкен алғысымды білдіремін. Осы білім ұясынан еліміздің нағыз патриоттары шығатынына сенімдімін.   

                             Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, 2017 ж. кездесуде.


Педагогикалық ойлар қазынасы

Мектебімізде қызмет атқарған еңбек ардагерлерінің тәлімді ойлары

  1. Мұғалім мамандығының сыйы – адамдарға әсер ете алу бақыты. Ол ең алдымен өзіңде болғаны абзал

                                  Рафиқа Нұртазина, Социалистік Еңбек ардагері. 

  1.       Педагогтік шеберлік дарындылықтың, таланттың арқасында келмейді, үйрену, ізденудің нәтижесінде келеді

Әлия Дүйсенова, Ленин орденді ұстаз, Еңбек ардагері.

  1. Жақсы оқу деген сөз ол – тек жақсы баға алу ғана емес, білім негізін терең түсініп, одан өзің қорытынды шығара білу.

                          Райза Қалымбетова, «Құрмет» орденінің иегері.

  1. Қандай «қиын» оқушы болса да, оның бойынан ең алдымен жақсы қасиеттерді көруге ұмтылу керек

                      Ғайнижамал Әлімбаева, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі.

  1. Оқу – оқулық беттерінде әзір тұрған пікірлерді ешбір толғаныссыз жаттанды түрде қайталау емес, ізденіс үстінде туған саналы ойлар, ой еңбегінің машығы, қорытындысы

                            Сәуле Қабдолова, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: