Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның тарихы » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның тарихы
22
мамыр
2023

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның тарихы

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның жетістіктері


  • Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия өзінің бастауын мектеп – коммунадан, яғни «Абай» атындағы №8 қырғыз(қазақ) балалар үйінен алады. Бұл балалар үйі туралы мағлұматтар республикалық, облыстық, қалалық мұрағаттарда 1922-1923 жылдардан бастап кездеседі.
  • 1924 жылғы 22 қазандағы қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша жалпыға білім беретін ұлттық үлгілі-тәжірибе мектебі болып құрылды.
  • 1925 жылы 24 наурыз Жетісу Халық Ағарту губерниялық инспекциясының №30 бұйрығы бойынша Алматының Абай атындағы №8 балалар үйі 9 жылдық №8 қырғыз (қазақ) үлгілі – тәжірибе мектебіне айналды.
  • 1925 жылы 1 сәуірде №8 мектеп Қазақ Халық Ағарту Комиссариатының бұйрығымен 9 жылдық үлгілі-тәжірибе мектебіне айналды.
  • 1929 жылы Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордадан Алматыға көшуіне байланысты үлгілі – тәжірибе мектебінің І басқышы бөлініп, Қапалға кетеді.     
  • ІІ басқыш – 5-сыныптан бастап Алматыда қалады, кейін бұл мектеп Алматы қаласындағы №12 қазақ мектеп-интернатының негізін салды.
  • 1934 жылдан бастап Алматы қалалық білім беру бөлімінің шешімімен қала мектептері қайта тізімделіп, жаңа сандық реті белгіленді, осы жылы мектеп толық орта білім беретін №12 мектеп деп атала бастады.
  • 1936 жылдың қаңтар айында №12 орта мектепке С.М. Киров есімі берілді.
  • 1942-1943 оқу жылында мектеп екіге бөлініп, №12 қыздар мектебі және №18 ұлдар мектебі болып аталды. №18 ұлдар мектебі Фурманов-Жас Коммунарлар көшелерінің қиылысындағы үйге көшеді. №12 қыздар мектебі Калинин көшесі 80 (Красин қиылысы) тұрғын-жайда қалады.
  • 1954-1955 оқу жылы №12 қыздар мектебі мен №18 ұлдар мектебі қайтадан бірігіп, С.М. Киров атындағы орта білім беретін №12 қазақ мектебіне айналды.
  • 1971-1985 оқу жылында мектеп директоры Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Бекенқызы Нұртазина болды.
  • 1972 жылдан бастап мектеп ағылшын тілін тереңдетіп оқыта бастады.
  • 1975 жылы 9 рет қоныс аударғаннан кейін №12 қазақ орта мектебі бүгінгі орнына (Бөгенбай батыр-Қонаев көшелерінің қиылысы) орнықты.
  • 1984 жылы мектептің 60 жылдық, 1994 жылы 70 жылдық, 1999 жылы 75 жылдық, 2004 жылы 80 жылдық, 2014 жылы 90 жылдық мерейтойлары өтті. 
  • 1984 жылы мектеп мұражайының негізі қаланды.
  • 1994 жылы мектепке қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
  • 1996 жылы жаңа типті «ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға мамандандырылған орта мектептің» куәлігі берілді.
  • 2004 жылы тұңғыш рет мектеп тарихы зерттеліп, нәтижесінде «Білім айдынындағы Ақ кеме» атты кітабы жарық көрді.
  • 2004 жылғы Алматы қаласы әкімі мен қалалық оқу бөлімінің арнайы шешімімен мектеп «көп салалы гимназия» мәртебесіне ие болды.
  • 2005 жылы 5 қыркүйекте Республиканың оқу-ағарту саласында орны бар білім ордасы ретінде Президент Н.Ә.Назарбаев гимназияға келіп, педагогикалық ұжыммен кездесті.
  • 2005жылы «Алматы қаласының үздік мектебі – 2005» байқауының Бас жүлдесін иемденді.
  • 2007 жылы Республикалық бірінші ұлттық «Балалық шақ досы» байқауында «Ең үздік ақпараттық мектеп» номинациясын жеңіп алды.
  • «Алматы қаласының бәсекеге қабілетті 50 үздік мектебі» байқауында ІІІ орынға ие болды, 2008 ж;
  • «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, 2008, 2009, 2010, 2014 жж;
  • «Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері үшін» Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды, 2012, 2013, 2014, 2016, 2019 жж;
  • Гимназияның 90 жылдық мерейтойына ай сайын шығарылатын «Ақ кеме» журналы жарық көрді.
  • «№12 мектепке – 90 жыл» атты мерейтойлық медалін және «Аңызға айналған Алтын ұя» деректі фильмін шығарды.
  • 2007-2008 оқу жылынан бері Тәуелсіз Қазақстан рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары үшін ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен 4 мәрте марапатталса, оқу-тәрбие жұмыстарында жоғарғы жетістіктерге жеткені үшін Алматы қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен 6 мәрте марапатталды.
  • 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылдың 20 қарашасындағы №5319 – 1 – 11904/02 – 2 шешімі негізінде Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияға «Дарын» республикалық орталығы жүйесіндегі мамандандырылған дарынды балаларға арналған гимназия мәртебесі берілді.
  • 2015 жылы тамыз айында Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты дипломымен марапатталды.
  • 2016 жылы тамыз айында Алматы қаласы мектептері бойынша өткізілген «Үздік педагогикалық ұжым» атты сайыста жүлделі бірінші орынға ие болды.
  • 2018-2019 оқу жылында Алматы қаласы мектептері бойынша өткен «Үздік ұйым» байқауында Бас жүлдені иеленді.
  • 2021-2022 оқу жылында Республика бойынша «Үздік 50 мектептің» тізіміне енді.
  • 2022 жылы Алматы қ-сы бойынша «Үздік мамандандырылған гимназия-2022» дипломына ие болды.                                                                                                                                                                     

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: